Get Mystery Box with random crypto!

ЖАППАСАЙ ТАҒАМЫ ⠀ Құрамы: ⠀ Ет 300-400 гр Пияз 1 дана Сәбіз 1 | Асхана алемі

ЖАППАСАЙ ТАҒАМЫ

Құрамы:

Ет 300-400 гр
Пияз 1 дана
Сәбіз 1 дана
Болгар бұрышы 1 дана
Картоп 3-4 дана
Сарымсақ 1-2 тісше
Томат 1 ас қасық
Паприка
Дәмдеуіштер

Қамырына:
Су 100 мл
Жұмыртқа 1 дана
Тұз шым шым
Ұн қажетінше

Алдымен қатты емес орташа қылып қамыр илейміз.
Сосын табаға май құйып, етімізді жане көкеністерімізді
шетінен қоса отырып қуырып аламыз. Бетін жабатындай
су құямыз.
Қамырды видеодағыдай арасына май жағып кесіп аламыз. Суымыз қайнаған соң бетіне орналастырып , бетін жауып баяу отта 25-30 мин бұқтырамыз.
Сомен біздің асымыз дайын.

Өте дәмді әрі ерекше тойымды болады. Ұнаса жасап көріңіздер
Ас болсын!


Автор: nuriya.amangeldy