Get Mystery Box with random crypto!

ӨКПЕ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУЫ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРІҢІЗШІ Өкпе ауру | Ассоциация семейных врачей Казахстана (АСВК)

ӨКПЕ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУЫ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРІҢІЗШІ

Өкпе ауруларының алдын алуы жалпы денсаулықты нығайту және дәл тыныс алу органдары аурулардың спецификалық алдын алу тұрғысынан қарастырылуы тиіс. Себебі тыныс алу органдары сыртқы ортамен, атап айтқанда, сыртқы ортадан ауамен түсетін әр түрлі инфекциямен тікелей байланысады. Тыныс алу жолдарының инфекцияның алдын алуы - ағза иммунитетті арттыруға бағытталған.

Өкінішке орай, ағзаның қорғаныштық механизмдерін арттыра алатын ешқандай сиқырлы препараттар немесе дәрілік заттар жоқ. Салауатты өмір салтын сақтай отырғанда иммунитет жақсы деңгейде болады: барлық адамдарға белгілі үйлестірілген тағам, дене белсенділігі, дене шынықтыру және спортпен айналысу, ұйқыға дұрыс уақыт бөлу, сергектік және бірқалыпты эмоционалды тонус, стресстың, жүйке және шамадан тыс дене жүктемелердің болмауы.

Сонымен қатар,тыныс алу органдары аурулардың алдын алуының маңызды факторына - біз дем алатын ауаның таза болуы болып табылады. Өнеркәсіп кәсіпорындары, ірі автомобиль паркілер орналасқан ірі қалаларда қоршаған орта ластанған, адам кез келген жағдайда өкпе аурулармен ауырып қалу қаупіне ұшырайды.

Кейбір кәсіби қызмет түрлері өкпе аурулардың қаупін арттырады: кеншілер, құрылысшылар, шаңды өндірістердің қызметкерлері. Осындай жағдайларда жұмыс істегенде белгіленген қауіпсіздік техникасының қағидаларын сақтау маңызды (маскалар, респираторларды киіп жүру).

Темекі шегу мәртебесі өте маңызды рөл атқарады, әдетте дәл осы темекі шегу өкпенің созылмалы ауруларға және өкпе обырына әкеледі. Сондықтан, өз өкпелерді сау деңгейде сақтау үшін алдын алудың бірінші және ең маңызды шарты - темекі шекпеу!

Вирустық инфекциялардың алдын алуын ерекше атап өткен жөн. Жіті вирустық инфекциялар маусымы кезінде, оның ішінде ковидтық инфекциямен ауырып қалу қаупі бар кезде, жалпыға мәлім алдын алу шараларын сақтау өте маңызды: адам көп жиналатын орындарға бармау, маска киіп жүру, әлеуметтік қашықтықты сақтау, күніне бірнеше рет тұрғын үй-жайларды желдету, қолды жиі жуу және дезинфекциялық ерітінділермен өңдеу.