Get Mystery Box with random crypto!

Қызба (жоғары температура) Қызбаны қолтық астындағы темпер | Ассоциация семейных врачей Казахстана (АСВК)

Қызба (жоғары температура)

Қызбаны қолтық астындағы температура 37,5 және одан жоғары болғанда немесе баланың ыстығы көтерілген жағдайды атайды. Қызба - бұл кең таралған жағдай. Қызбамен балада ауыр жұқпалы ауру болуы мүмкін. Бұл ретте, қызбамен балада жай жеңіл түрде жөтел, тұмау немесе басқа вирустік жұқпа болуы мүмкін.

Сондықтан ата-аналарға қызбаның қандай дәрежесінде дереу түрде жедел жәрдемді шақыру керектігін білу қажет.

Егер қызба бар болса, онда балада келесі белгілерді бағалау керек.

1.Балада қызбаның ұзақтығы қа. Егер қызба 5 күннен көп болса, онда қызба күнде болды ма?

Көп жағдайда вирустық аурулармен туындаған бірнеше күннен өтеді. 5 күннен көп созылған күнделікті қызба, балада ауыр аурудың барын көрсетуі мүмкін.

2. Балада соңғы 3 айда қызылша ауруы болды ма?

Қызылша баланың иммундық жүйесін бұзады, бірнеше апта бойы оны басқа да жұқпалы арулардың даму қаупіне әкелуі мүмкін.

3.Бұдан әрі балада желке бұлшықеттердің қатаңдығының болуын қарау керек.

Егер мойын бұлшықеттері оңай бүгілсе, балада бұлшықеттерінің қатаңдығы жоқ. Егер мойын бұлшықеттері бүгілмесе және бүгілуге кедергі сезілетін болса, балада бұлшықеттердің қатаңдығы бар екенін білдіреді.

4.Сосын қызылша белгілерін іздейміз - бүкіл денеде бөртпелердің болуы, және келесі белгілердің біреуін: жөтел, мұрынның бітелуі немесе көздің қызаруы.

Балада кез келген жіті аурудың белгілер туралы айтатын жалпы қауіп-қатер белгілерін анықтай аласыз. Егер балада жалпы қауіп-қатер белгінің біреуі немесе желке бұлшықеттің қатаңөдығы болса, бұл балада ЖІТІ ЖҰҚПА АУРУДЫҢ барын білдіреді.

Бұл жағдайда дереу жедел жәрдемді шақырып, 38,5 және одан жоғары температурада парацетамолдың 1 дозасын беру қажет.

Одан кейін қызбаны ауырлық және қауіптілік дәрежесі бойынша жіктеу қажет.

Егер қызба 5 күннен және одан көп болса, онда бұл ұзаққа созылған қызба. Бұл жағдайда 38,5 және одан жоғары температурада парацетамолдың дозасын беру қажет, баланы тексеруден өту үшін емханаға жіберу қажет.

Егер қызба пневмония, дизентерия, стрептококкты фарингит, құлақтың жіті жұқпасынок сияқты жағдайларда 38,5 және одан жоғары температурада парацетамол беру, дәрігер берген нұсқау бойынша емдеу керек.

Жоғарыда көрсетілген белгілердің біреуі де болмаса, ол асқынбаған қызба болып саналады, ондай кезде де баланы дәрігерге көрсетіп, 38,5 және одан жоғары температурада парацетамол беру керек.

Егер дәрігер үй жағдайында емделуді тағайындаса, онда қауіп-қатердің бір белгісі байқалған жағдайда, дәрігерге қайта оралу немесе жедел жәрдем шақыру керек. Ондай белгілер шықпаған жағдайда, 2 күннен кейін дәрігерге қайта оралу қажет.