Get Mystery Box with random crypto!

Әлсіздік, апатия, мазасыздық -бұл белгілер бір қатар себептер | Ассоциация семейных врачей Казахстана (АСВК)

Әлсіздік, апатия, мазасыздық -бұл белгілер бір қатар себептерден болуы мүмкін. Ең алдымен, қандай да витаминдер жеткіліксіздігінен дамуы мүмкін. Мысалы, витамин В12, Д3 витамин. Бұл витаминдер жеткіліксіздігін қазіргі таңда зертханалық әдістермен анықтауға болады. Әлсіздік, тез шаршағыштық, адамның ештеңкеге зауықы соқпай, қызығушылығы болмаса – бұл көріністер қалқанша безі қызметтері бұзылғаннан болуы мүмкін. Эндокринолог маманы бұл ауру бар жоғын арнайы зертханалық тексерулер тағайындап (тиреоидтық гормондар, тиреотроптық гормон), айыра алады. Қантты диабет ауруы бар-жоғына да тексерілген дұрыс болады. Бұл ауруда да айтылған белгілер айтарлықтай жиі кездеседі. Және енді бір себебі – ол тек қана психологиялық проблемалар, мысалы стресс жағдайлары, көңіл күйзелістері, созылмалы шаршағыштық синдромы. Бұл проблемалар бойынша психотерапевт, психолог мамандарына қаралып, кеңес алған дұрыс болады.