Get Mystery Box with random crypto!

Консультацияларыма ерлі-зайыптылардың жүгінудің себептерінің б | Ассоциация семейных врачей Казахстана (АСВК)

Консультацияларыма ерлі-зайыптылардың жүгінудің себептерінің бірі бедеулік немесе жүктілікті көтере алмаушылықтың үйреншікті түрі (түсіктің болуы) проблемасы болып табылады. Алайда, консультацияны жүргізгенде осы тақырыпқа байланысты түсінбеушілік пен мамандар тарапынан ерлі-зайыптыларға мәселе жан-жақты толық түсіндірілмегенін байқауға болады.

ЖҮКТІЛІКТІ КӨТЕРЕ АЛМАУШЫЛЫҚТЫҢ ҮЙРЕНШІКТІ ТҮРІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Жүктілікті көтере алмаушылықтың үйреншікті түрі деп 3 және одан көп қатарынан келген түсіктің болуын айтады, дегенмен, сонғы уақыттарда кейбір медициналық қоғамдастықтар бұл жағдайды 2 және одан көп қатарынан келген түсіктің болуы деп белгіледі. Жүктіліктің шамамен 15-20% түсікпен аяқталады, әдетте, ерте мерзімдерде (13 аптаға дейін). Бұл ретте, әйелдердің көбісі түсіктің болғаны жайлы білмей жүруі де мүмкін. 1 немесе тіпті 2 түсіктің қатарынан болуы кейінгі уақыттарда жүкті болуға және сау баланы тууға кедергі келтіре бермейді. 65% жағдайда ерлі-зайыптылар жұбы тіпті 2 түсіктен кейін қандай да бір арнайы тексерулерсіз және емсіз жүкті болуы және сау баланы өмірге әкелуі мүмкін.

Сілтеме бойынша өтіп, мақаланың толық нұсқасын оқи аласыз: https://www.instagram.com/p/CKTEbB0pSCd/?igshid=1r7x7aecfmui6