Get Mystery Box with random crypto!

Жетісуда Tesla көліктерін әкеле жатқан автотасығыш аударылып қ | AstanaTV

Жетісуда Tesla көліктерін әкеле жатқан автотасығыш аударылып қалды

Жетісу ауданындағы Арқарлы асуында автотасығыш көлік аударылып қалды. Жергілікті полиция жол апатының мән-жайы туралы айтты.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларды Instagram желісіндегі krisp.tdk парақшасы жариялады. Видео авторы автотасығыш жолдағы бөлу қоршауын бұзғанын, оған салынған жаңа Tesla көліктері асудан төмен қарай ұшып кеткенін айтты.
"Автокөлік тасушы жолдың дәл ортасында аударылып қалды, сол жердегі бәрін сындырды. Көліктер төменде жатыр, жаңа көліктер құлап жатыр", - дейді видео авторы.

https://astanatv.kz/kz/