Get Mystery Box with random crypto!

Жеті баласы бар аналар ай сайын жүз мың теңгеге жуық жәрдемақы | AstanaTV

Жеті баласы бар аналар ай сайын жүз мың теңгеге жуық жәрдемақы алады

Жеті баласы бар аналар ай сайын жүз мың теңгеге жуық жәрдемақы алады. Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 135,4 млрд теңге жәрдемақы алды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 540,7 мың отбасы қамтылды, оның ішінде сәуір айында 548 мың отбасына 34,3 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

https://astanatv.kz/kz/