Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады ҚР СІМ Қазақста | AstanaTV

Қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады

ҚР СІМ Қазақстан Республикасының үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім жобасын әзірледі.
Келісімге сәйкес, бір Тарап мемлекетінің азаматтары, қолданылу мерзімі кемінде 6 ай болуға тиіс жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік 180 күннің әр кезеңі ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күн болатындай күнтізбелік 30 күннен аспайтын кезеңге визалық талаптардан босатылады.

https://astanatv.kz/kz/