Get Mystery Box with random crypto!

ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ БА | Қазақстан халқы Ассамблеясы

ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА
ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ БАС ҚОСТЫ


Бүгін елордалық Достық үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҚХА Аналар кеңесінің өңірлік кеңестерінің, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, сарапшылар қауымдастығы мен БАҚ қатысты.

Атап айтқанда, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Аналар кеңесі отырысының өткізілуінің ерекше символдық мәнін атап өтті.

Толығырақ: www.Assembly.kz