Get Mystery Box with random crypto!

ҚХА КАФЕДРАЛАРЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН АТАП ӨТТІ Алғыс айту күнін м | Қазақстан халқы Ассамблеясы

ҚХА КАФЕДРАЛАРЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында «Отаным – мейірімділік мекені» атты іс-шара өтті.

Өз алғы сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов ғылыми, білім беру және қоғамдық маңызы бар бірлескен жобаларды іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясына тұрақты қолдауын көрсетіп жүрген ректоры Е.Сыдықов бастаған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың барлық ұжымына өзінің алғысын білдірді.

«Мен бұл күні Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің тұтас тобын тәрбиелеген және Қазақстанның адами капиталын дамытуға елеулі үлес қосуды жалғастырып келе жатқан ірі отандық жоғары оқу орындарының бірінің қабырғасында болғаныма өте қуаныштымын», - деді М.Әзілханов.

Толығырақ: www.Assembly.kz