Get Mystery Box with random crypto!

Бұрынғы ғалымдардың білімі теңіздей терең болу себептерінің бі | Асқар Абайұлы

Бұрынғы ғалымдардың білімі теңіздей терең болу себептерінің бірі - өз ұстазының барлық білімін алып, бойына сіңіргеннен кейін ғана, келесі ұстазға өткен. Өз елінде дәріс алатын ұстаз қалмаған соң шетелге шығып, ілім жолын жалғастырған.
Әбу Ханифа (رحمه الله) ұстазы Хаммадтың (رحمه الله) қолында жүйелі түрде 18 жыл оқыған. Ұстазы дүниеден өткенге дейін, одан бір елі ажырамаған. Өйткені, ұстазын жақсы көріп, оның асыл қасиеттерін, даналығын, парасаттылығын, тақуалығын, кеңпейілділігін және жомарттылығын өзіне үлгі тұтқан. Хаммад (رحمه الله) өмірден озған соң, халықтың ұсынысымен сабақ берген.
Сонымен қоса, Әбу Ханифа (رحمه الله) шәкірті де Әбу Юсуф (رحمه الله) ұстазы болған Әбу Ханифаның қасында 23 жыл жүріп, ілім алғаны жөнінде де көзқарастар бар

Діни ілім жолын бастағанымда ұстазымыз оқытып, "Университетке түсу керексің"- дегенге дейін қасында жүрдік. Университетке барған кезімізде бізді бір ұстаздың қолына табыстады.
Әр ұстаздың басын бір шалып, кемшілігін тауып, қанағат тұтпай жүрген кісіден ғалым түгілі шәкірт шықпайды.
Әрдайым ұстазыңның қасында бол, ол саған жеке мүлкі ретінде қарамайды. Уақыты келгенде, "Енді, мына кісіден ілім ал"- деп, басқа кісіге бағыттап жібереді!
Білімге берушіден қарағанда алушы көбірек мұқтаж екені әрдайым есіңде болсын.
Беруші мұқтаж болғанда ол саған баратын еді.
Білімге алушы мұқтаж болып барды ма, демек, қарапайым тілмен айтқанда тәлпіштенбей жүруі қажет