Get Mystery Box with random crypto!

Сыни пікірсіз қоғам дамымайды Бұл сөздің ақиқат екенін жылда | Асқар Абайұлы

Сыни пікірсіз қоғам дамымайды

Бұл сөздің ақиқат екенін жылдар бойы дамып келе жатқан мемлекеттермен, белгілі бір қоғам, іс жүзінде дәлелдеді.
Сыни пікірді көтере алу, адам баласына берілген нығметтің бірі, себебі ол жерде қате-кемшілікті қабылдай отырып, жауапкершілікті өзіңе жүктеу тұр.

Мұсылман адамның іс-әрекеті екі нәрсе негізімен жасалынады. Біріншісі фиқһ мәселесі болса, екіншісі әдеп.

Сыни пікір айтуға болады, алайда бұл жерде ескеретін өте маңызды бірнеше мәселе бар!

1. Сыни пікір айтылған кезде альтернатива ұсынылуы қажет. Альтернативасыз айтылған сыни пікір көбінесе ескерілмей сол жерде қалып, екі тараптан да жабық конфликт тууына алып келеді.
2. Сыни пікір тиесілі адамдарға айтылуы қажет.

Мысалы: Мен бір мекемеге сын айтқан кезде, сол мекемеде өзгеріс жасауға күш-қуаты жететін адамдардың қасында айтуым қажет, әйтпесе ол шәй үстіндегі саяси әңгімеден әрі аса алмауы әбден мүмкін.

Әлеуметтік желіде сынау кезінде ашықтан-ашық бір адамды/мекемені сынға алар тұста ол тараптың абыройы мен болашағын ескерген жөн! Себебі, мекеменің/тұлғаның абыройы түсетін болса, алдағы уақытта олардың пайдалы сөздері мен ұсыныстары өтімсіз болып, бұл жағдайды үшінші тараптағы топтар халықты жеке мүдделеріне пайдаланып кетеді.


Соңғы кезде байқағаным, Нұр-Мубарак университетін араб тіліне қатысты сырттан сынайтын адамдар саны көбейіп жатыр. Ол кісілер бейнамаз болса мейлі еді...
Намаз оқып жүрген адамдар болсада көз жұмасың, тек өкініштісі білім жолында жүрген, сондай-ақ білім беріп жүрген кісілердің өзі "типа" сынап жүр. Иә, Нұр-Мубаракқа қатысты сыни пікір айтуға болады, Қайрат Құрманбаевтың немесе Нұрлан Анарбаевтың қасында, ең болмағанда, араб тілінің кафедра басшының алдында сыни пікір айтылып, алтернатива ұсынылса дұрыс болар еді. Себебі ол кісілердің өзгертуге мүмкіндігі бар. Бізде ондай мүмкіндік жоқ, біздің яғни қарапайым халықтың алдында Нұр-Мубаракты сынаудың еш қажеті жоқ, біз еш нәрсе жасай алмаймыз!

• Нұр-Мубарак туралы осындай жаман пікірлер кеңінен таралса және осы қарқынмен жалғасса төмендегідей салдарға әкеп соғады:
1. Нұр-Мубарак студенттері өз университетінен ұялып, мүмкіндігінше басқа университетке ауысуға тырысады.

2. Нұр-Мубаракта біраз жыл оқып, бітіріп, қызметте жүрген кісілердің абыройы түсіп, діни маселе айтылған кезде, "Ей, қойшы білемін ғой сен оқыған жерді, дұрыс бір әріпте үйрете алмайды"- деп, айтып, ол кісінің сөзін алмауы мүмкін.

3. Университеттің беделі түсіп, көрінген адам университет туралы аузына келгенін айтып жүретін болады.

4. Діни ілім алушылардың ішінде шетелге кету саны күрт артады. Ал ол жақта қандай білім алады, ешкім білмейді. Ертең қоғамда бүлік шығармауына ешкім кепіл бола алмайды. Әуелі діни білімді Нұр-Мубаракта алып, кейін шетелге оқуға барса, ол кісінің қоғамға берері тек пайда деп үміттенеміз.

5. Басқа университеттер де біздің ұстаздарымызды менсінбей, өздерінің университеттерінде алып-қашпа сөз таратуы мүмкін немесе білімді кісілер біздің университетте жұмыс жасаудан бас тартатын болады.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, ашық түрде университетті сынға алудың қажеті жоқ. Шынайы университетке деген махаббатыңыз бен ықыласыңыз болса, батылдығыңыз жетсе, жоғарыда нұсқаған 3 тұлғаның алдына барып, сыни пікіріңізді айтыңыз. Басқа ортада қажет емес, оның салдары немен аяқталуы мүмкін екенін тілге тиек еттім.

Есіңізде болсын, тек дін дұшпандары ғана дінге қатысты мерекелерді, мекемелерді және тұлғаларды абыройсыздыққа апаратын әрекетке баратынын ұмытпаған жөн!
Нұр-Мубарактың қате-кемшіліктері бар, бірақ қазіргі таңда дұрыс әрекеттерімен халыққа берер зиянынан пайдасы көп. Елдегі діни білім беру орталықтарының ішінде ең сапалы, әрі қоғам алдындағы толыққанды мүмкіндіктер ашып беретін біздің қарашаңырағымыз өзге діни білім беретін оқу орталықтары тек белгілі бір жерге дейін барып тоқтайды. Біздің университет дінді тарату үшін қай деңгейде отыруы керек болса, барлығының талаптарына сай жауап бере алады.

Университетімізге жасалған кез-келген әдепсіздіктерге қарсы тұрып беруге дайынбыз!