Get Mystery Box with random crypto!

ПОСТ ОЙТОЛҒАМ Жұмыстан ләззат алсаң өмірің ғажап, ала алмасаң | АСҚАН ТҰЛҒА Марафоны КАНАЛ

ПОСТ ОЙТОЛҒАМ
Жұмыстан ләззат алсаң өмірің ғажап, ала алмасаң өмірің азап!

Өйткені кез келген тіршілік иесі жұмыссыз, еңбексіз өмір сүре алмайды. Өзін, отбасын асырау үшін күніне кем дегенде 8 сағат еңбектенуі керек. Яғни күнінің, яғни өмірінің 3 тен 1 бөлігінде жұмыс істеуге мәжбүр.

Егер ол жұмысыннан ләззат алып, махаббатпен істеп, уақытының қалай өткенін білмей қалса, ол жақсы табыс табады, шаршамайды. Ол өмірінің қалған 3 тен 2 бөлігіне тікелей әсерін береді. Лайықты өмір сүруге, дем алуға, қыдыруға, басқа адамдарға жақсылық жасауға тапқан табысы арқылы мүмкіншілігі болады. 8 сағат ұйқысы да тыныш болады.

Ал егер істеген жұмысынан ләззат алмай, амалсыздан, жанын бағу үшін ғана, істейтін болса ол жұмысы азапқа айналады және үлкен жетістікке жете алмайды, табысы да мардымсыз болады. Лайықты өмір сүруіне жетпегендіктен өмірінің қалған 3 тен 2 бөлігі де азаппен өтеді: Жетпейтін қаражаттың кеселінен көңіл күй де болмайды, ұйқысы да тыныш болмақ емес

Сондықтан жұмысыңды таңдауға қатты көңіл бөлу қажет: Ол қолыңнан келеді ме, жаныңа жағады ма + Лайықты өмір сүру үшін жақсы табыс әкеледі ме?
Көп жағдайда бұлар миды қолданып, баспен істейтін жұмыс. Білімді мыңды, білекті бірді табады..

Сіз жұмысыңыздан рахат алып істейсіз бе? Ол сізге лайықты өмір сүруіңіз үшін жеткілікті табыс әкеледі ме? «Иә» десеңіз сіздің өміріңіз ҒАЖАП! «Жоқ» десеңіз сіздің өміріңіз әзірге АЗАП((

Менің осы ойтолғамым сізге ой салды ма?
Салса қойып, алғысыңызды айтып, ары қарай тарата жүріңіз.. Көп адам көрсін десеңіз қойып, комментарий жаза кетіңіз
Құрметпен Ахметбек Нұрсила