Get Mystery Box with random crypto!

Асма

Telegram арнасының логотипі asmaabubakirr — Асма А
Telegram арнасының логотипі asmaabubakirr — Асма
Арна мекенжайы: @asmaabubakirr
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 465
Арнадан сипаттама

өмірдің үзінділері🖊️

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-10-24 20:44:43 Барлығы үшін шүкір.

Осыдан шамамен үш ай бұрын Орал қаласындағы «Аманат-жайық» жастармен жұмыс жасау қоғамдық қорының ықпалымен ашылған «Оқырмандар клубына» тіркелген болатынмын. Басында жаңа адамдар,жаңа ойлар, үйренісу аса қиын болмады. Бірақ сапарда болып бірнеше кездесуге бара алмай қалғандықтан, қайтып келген кезде мүлдем басқа адамдар қосылып ортамыз кеңейіпті. Соның әсерінен бе, бөтен жерге түсіп кеткендей болып, қадамымды артқа басқым келді. Клубтан шығып кетсем бе екен дегенде жаман ойлар да мазалады. Бірақ ақылға салып,бірінші күннен келе жатқан соң, қалуды жөн көрдім. Және дұрыс шешім болды.

Уақыт өте келе жаңа адамдарға да бауыр басып, бір үйдің баласындай болып кеттік. Жылы лебіздер, сүрінуге жол бермейтін ақылдар,мен білмейтін сан мың ақпараттар алдым.

Айтатын әңгімелері, атмосферасы бөлек жандар. Әр саланың мықты мамандары. Сан қилы ойлар. Бірақ мақсат бір-даму, артыңда із қалдыратын тұлға боп қалыптасу.

Мақтанамын.
411 viewsedited  17:44
Ашу / Түсініктеме
2022-10-22 21:16:44 -Құранды көңіліңнің көктемі ет.
443 views18:16
Ашу / Түсініктеме
2022-10-21 17:43:17
күз
424 views14:43
Ашу / Түсініктеме
2022-10-20 19:45:45 «бақыт-сәттерде»

әрқашан бақытты болу мүмкін емес. оны сездіретін кішкентай сәттер ғана. білінбеуі мүмкін,бірақ дұрыс адамдармен дұрыс әңгіме айтуың, ол нәрседен рахаттануың, біреудің күлгеніне себепші болуың, ата-анаңмен бір үстелдің басында отырып небір нәрселерді талқылауың, табиғатқа, кез келген жаратылысқа қарап оның көркем екенін махаббат көзбен түсінуің, өзіңнен білімі жоғары адамның әңгімесін тыңдап көптен таба алмай жүрген алтын қазынаңды тапқандай қуануың, тірі жан білместей етіп жақсылық жасап соған ішіңдегі көбелектердің оянуы.
439 views16:45
Ашу / Түсініктеме
2022-10-19 18:03:59 Адам аяғынан айырылады екен, қолынан айырылады екен, адам ажардан, сүйікті жардан айырылады екен, адам от басынан, ошақ қасынан, басқа түссе бақытынан айырылады екен. Бірақ арманнан айырыла алмайды екен.
399 views15:03
Ашу / Түсініктеме
2022-10-18 15:22:03 Әлем тұрғысынан алғанда адам өмірі де сондай-ақ.Қып-қысқа.Миллиардты миллиардқа көбейткенде,триллионды триллионға көбейткенде таусылмайтын уақыт,адам байғұсқа неге сонша қытымырлық,пәстік жасағанын кім білсін?

Ай мен Айша.
411 views12:22
Ашу / Түсініктеме
2022-10-16 16:09:06
513 views13:09
Ашу / Түсініктеме