Get Mystery Box with random crypto!

Мен бүгін бір нәрсені ойладым: ол - өміріңе серьезно қарау жай | Aсемнің Telegram каналы

Мен бүгін бір нәрсені ойладым: ол - өміріңе серьезно қарау жайлы, әлі өз орнын таппай курстан курс оқып, табыс дегенге триггерленіп қала беретіндерге арнағым келеді!
Мен маркетингке 21 жасымда келгенмін, ойлаңызшы 21 жасымда, қазір жасым 28-де!
21-де қай бағыт алдағы уақытта сұраныста, менің дамуыма ықпал етеді деп ойладым, әлі күнге дейін Төле би Фурмановада тұрып, осы ісім дұрыс па, точно бірдеңке шығады ма деп пробный сабаққа келгенім есімде!
Мен де басында өзіме сенімсіз болдым, екі рет тастап кетіп, қайта оралдым!
Бірақ ең бастысы даму бағытыма серьезно қарадым, серьезно қарай алғаным ғана қазіргі қабілеттерді сыйлады, ол – ойлау жүйемнің кең болуы, аудиторияны сезіне алуым, адаптация жасай алуым, воронка құра алуым, брендтердің ықпалын түсінуім, бәрі бәрі уақытына қабылдаған жалғыз дұрыс шешім әрі бір бағытты ұстай білуімде еді)
Егер сол уақытта давай интернет маркетинг оқыдым, давай енді басқаларға үйретейін дегенімде не болушы еді?
Немесе мен дұрысы қытаймен бизнеске кірейін, маркетинг білемін, любой товарды сата аламын дегенімде?
Немесе бизнес идея іздеп жүре бергенімде?
Шынын жазайыншы, ештеңке шықпас еді. Менен түк шықпас еді.
Мен дәл қазір өз бағытымды өте анық білемін. Ол – брендинг, нейромаркетинг, воронка, запуск, траффик!
Осының бәрін не үшін жазып отырмын?
Өмір бұл әрбіріміздің жауапкершілігіміздегі дүние, ешкім келіп сізге жол сілтеп, жағдайыңызды реттеп бермейді!
Фильмдегі супермэн ол просмотр үшін ғана, өмірде мұғжиза жасайтын біреу бар болса, ол – өзіңіз ғана!
Өзіңе өзің тірек бол дейтінім содан шығар, түнгі жазбам сізге мотивация болсын, аман жүріңіз!