Get Mystery Box with random crypto!

Екінші ұстазым, Сергей болатын Сергей Ахметов, дәл Сергей мағ | Aсемнің Telegram каналы

Екінші ұстазым, Сергей болатын

Сергей Ахметов, дәл Сергей маған веб разработкадан интернет маркетингке бағытымды ауыстыруға ықпал еткен болатын

Асем, интернет маркетинг трендке кіреді, оқы деп бағыт берді

Әрі веб разработкада Wordpress сияқты сайтты жасайтын конструктор шығып жатыр еді, бір html/css-тың қажеті жоқ еді

Бұл 2015 жыл

Ары қарай жұмысымдағы Алуа атты наставнигімнің өмірі қызық болып көрінетін

Алуа получается 3-ші ұстазым

Алуа маркетолог еді, маған бұйрық беріп, басшылық көрсететін

Өзі маркетингтегі бүкіл стратегия, финанс, выставкаға жауап беретін

Мен тек контексттік жарнама мен сайт, эмейл рассылкаға жауапты едім

Алуа маған маркетологтың бейнесін бере алды

Мен қызығатынмын

Бұл 2015 жыл күз мезгілі еді