Get Mystery Box with random crypto!

Мұсылмандық жайлы Ислам жайлы посттарды жазбайтыным бар, он | Aсемнің Telegram каналы

Мұсылмандық жайлы

Ислам жайлы посттарды жазбайтыным бар, оның бірнеше себептері:

Мен дінтанушы емеспін
Дін әр адамның жеке мәселесі
Қате бірнәрсе жазып қойсам, жауабы ауыр болуы мүмкін


Бірақ бүгін исключение жасап, жазба қалдыруды жөн көрдім

Бұл мұсылмандықтың бейнесі жайлы

Ислам әйел затын құрметтейтін, адамдық құқық толық сақталған дін ( басқа діндегі әйел құқығын білмеген соң, жалғыз дін деп жазбаймын)

Ең бірінші әйелге берілген нығметтің бірі - еркіндік құқығы, рилли

Мұсылман әйел еркін:

білім алуда
жұмысқа тұруда
жар таңдауда
табысын жаратуда
уақытын жұмсауда

Көптеген еркіндікті өзімен бірге алып келген Исламда әйелді екінші сорт ретінде көрсету, қолдану жоқ!

Бірақ әйелдердің жауапкершіліктері бар, оны Ислам құқықтары деп те атайды

Біз сол құқықтарды дұрым тануымыз керек

Ол жайлы басқа бір жазбада айтармын, бүгінге осы

Аман жүріңіз