Get Mystery Box with random crypto!

Айнұр Асанберді

Telegram арнасының логотипі asanberdi_a — Айнұр Асанберді А
Telegram арнасының логотипі asanberdi_a — Айнұр Асанберді
Арна мекенжайы: @asanberdi_a
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.37K
Арнадан сипаттама

Каналыма сілтеме:
https://t.me/asanberdi_a

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 2

2021-12-20 15:29:46
18.3K views12:29
Ашу / Түсініктеме
2021-12-17 20:37:59 https://www.instagram.com/tv/CXly-h_ILwS/?utm_medium=share_sheet
15.7K views17:37
Ашу / Түсініктеме
2021-12-14 10:24:14


Қайырлы күн ! Сіздермен 17-ші желтоқсан күні кешкі сағат 21:00-де дінтанушы, теолог Айбек Нәбимен осы фильмді тікелей эфирде талқылаймыз. Толықтай көріп шығыңыздар .
17.8K viewsedited  07:24
Ашу / Түсініктеме
2021-11-27 21:06:12
17.0K views18:06
Ашу / Түсініктеме
2021-11-24 19:36:21 Айнұр Асанбердімен кездескіңіз келе ме? Иә десеңіз не үшін? Жауап күтем қыздар …
15.8K views16:36
Ашу / Түсініктеме
2021-11-21 19:31:11 https://www.instagram.com/tv/CWfr0axBcaS/?utm_medium=share_sheet
15.0K views16:31
Ашу / Түсініктеме
2021-09-26 23:49:44 Машина қорғайтын статус бар мыс, ол машина 5000.000 салонда тұр, соған ақша жинап -ақ алуға болады .Алайда сол машинаны алу үшін кем дегенде 3-6 ай потверждение жаса,статусыңды ұстап тұру керексің дейді ай сайынғы тауарайналымы 20.000.000 жасайсың соңында айлық 500.000 түседі и то қарызданып тапқандағы табыс осылай 6 ай жүресің, қараңыздаршы компания сіздің арқаңызда тауарын сатты, сіздің табысыңыз қандай?!
23. Нәтиже шықпасада мықты нәтиже шықты деп қатырып қәзір жарнама жасағыштар көбейді, тіпті адамның жанды жері ковидті қосып айтатын болдық. Лишь бы өнімді өткізіп пв , балл санау.
24. Көп сетевойда жүрдім, бәрін көрдім, бәрінің басында қалсаң бай боласың дейді, себебі қалғаны құлдықта қарапайым халық қалып қояды,яғни сатушы. Жоғарыда тұрғанда өз қарабастарын ойлап , жылы сөзбен-ақ адамды алдау процессіне көшеді.
25. Кеше мен жақын танысымды сетевойдан көрдім мааа соңғы өнім қалды бітті деп сатады, на самом деле ол өніи үйінде блок блогымен тұр, осылай алдау жүйесіне көшеді.
26. Нөлден бизнес деген жоқ, нөлден бизнес деген үйде отырсаңыз пирожки жасап сатуға болады ол таза еңбек, ауылдың құртын, майын сатуға болады. Ал, мына шетелдіктердің бизнесіне ақша салмай өсу жоқ. Үйде отырған әйел ақша табамын деп барып,өз қалтамыздан қалай ақша салғанымызды білмей қалады. Себебі , ақша ақша деп көзін жандырады
МЕНЕН КЕҢЕС СЕТЕВОЙҒА РАҚМЕТ! Лучше БАЛА-ШАҒАҢНЫҢ ҚАСЫНДА КҮЙЕУІҢЕ ЕРКЕЛЕП ОТЫРҒАНҒА ЖЕТПЕЙДІ ЕКЕН.
29.4K views20:49
Ашу / Түсініктеме
2021-09-26 23:49:44 Сетевойдағы сергелдең . Үш түрлі сетевойда жұмыс жасап көрген қыздың әңгімесі: Мен осыдан 5 жыл бұрын сеть әлеміне үйде тыныш отырған жерімнен келдім. Көп әйелдер ойбай бай боламыз, қырғын ақша келіп жатыр , ақшаның астында қаласың дегенге қызықтым… үстілерінде әдемі киім, әдемі жүріс-тұрыс тамақ болғанғада сөзсіз қызықтым.

Қәзір ойласам,өзім сол кезде балабақшада тәрбиеші едім, айлығы 70-80 өте берекелі еді. Соны аз көріп, шүкірім азайып жылтыр ақшаға қарай ойым бұрылды. Сетевойдың қыр-сырын мен секілді ешкім шаға алмайтын, маркетингті көрсетті ма сразу қағып алатын қабілет болды.

Сетевой маркетингтің көбі білмейтін қыры мен сыры, мұны көпшілікке айта бермейді.
1. Сетевойда тұрған дүниенің бәрі дүкендерде тіпті базарда 3-4 есе арзан бағада тұр
2. Ай жабатын уақыт келгенде жанталас басталады , пв, балл санап соңғы қалтаң қағылғанша балл ұру үшін ақшаны елден сұрап, қарызға батып ай жабасың, бұл рас! Келер айда орнын қоямын дегенде сонша балл үшін алатын ақша көк тиын болады
3. Сетевойда қарапайым халық ешқашан көтерілмейді, тек ақша салғанда ғана үлкен статустар жабылады, содан мен жаптым деп ӨТІРІК айтуға дейін барасың, ақша салғаныңды айтпайсың, халықты шошытып алмас үшін. Содан үйде отырған қарапайым әйелде міне, миллионға шықты дейді, на самом деле ақша саласың оны салпақтап айналдырасың.
4.Қазақстан неге бірінші өзге елден сетевой келеді, себебі бізді алдау оп-оңай, біздің ақша көрсек жолдан таятынымызды біледі, рухани әлсізбіз, үкіметі аз айлық бұларға береді деп біздің жанды жеріміз ұстауды біледі.
5. Көп жандар пв , балл қуалап салған ақшасын шығару үшін шыр жүгіреді.
6. Ай сайын план беріледі, оны орындамасаң бітті, елге қарауға бет жоқ, соңы неврозға әкеледі.
7. Көбі өнімді өзі ішпейді , күшті күшті деп сата береді, ішпеседе іштім деп тағыда ӨТІРІК айтып елді сендіресің
8. Үйде отырған ана 1-2 сағат ғана көңіл бөлсе бөлді дейді, жоқ олай емес бала жәйінде қалады, елді көндіру үшін , жарнама жасап, қалай ретіне келтірсем деп әлек боласың
9. Инстаграмммен ақша табасың деп беті басты әдемі бояндырып, киіндіріп фотосессия жасатады, көрген адам саған қызықсын, до и после болғаныңды көріп іші күйіп саған өзі ақ келеді деп тағы АДАМДЫ АЛДАУҒА бағытталады
10. Қолына телефон ұстаған ананың бала-шағасы жәйінде, күйеуі жәйінде қалады. Күйеуіме докажу деген әйелде принцип болады, соңы психологиясының сыр беруіне әкеледі
11. ТАҒЫ АЙТАЙЫН, сетевойда адам ақша салмай еш ӨСПЕЙДІ қыздар алданбаңдар
12. Сағы сынғанда мотивация іздеп соңғы ақшасын шығарып коучтарды іздейді, ол мотивациясы 3 күннен біткен соң тағы ақшасын шығарады. Мотивация деген жақсы сөз болды. Оны қай уақытта қолдануды білмейміз.
13. Сетевойда ЕШҚАШАН ҚАЛТАМНАН АҚША ШЫҒАРЫП ТАУАР АЛДЫМ сөзі ешжерде айтылмайды, нөлден бастадым деген өтірік.
14. Сетевойда біреудің арманы , көп қазақтың қарапайым қыздары ешек секілді құлы болып жұмыс жасаппыз. Біреудің арманына жұмыс жасама деп қоямыз, на самом деле олда біреудің арманы, біз сатушы , жұмысшымыз!
15. Тыныш отырған жерімнен қәзір қарызым 2-3.000.000 тн бұл Менің шүкіршілігімнің жоқтығынан болған өзімнің қателігім. Ішімнен тынып, қәзір ес жинадым.
16. Үйде отырған аналарға кеңесім, СЕТЕВОЙ деген бізге тән дүние емес!
17. Кез-келген өнімді іше бергенше , дәрігермен кездесіп алған дұрыс, просто өнім ішкенде случайна нәтиже шығып қалса сол сетевойдың өнімі дей салады, отзывтарды арнайы жаздыртады, отзывты қатырып тұрып жазшы деп жаздыртады
18. Маркетингте басына қызығамыз, түбіне келгенде міндеті түрде өзгеріс болады, қай компания болсада. Амал жоқ өзгерседе елге айтып қойдым деп істеуге тура келеді. Іштей невроз боласың!
19. Лучше 50000 тн сауда жасағың келіп жатса базардан әкеп алып жаса, лучше өз мамандығыңмен жұмыс жасағанға жетпейді екен
20. Көп қыздар кредит алып тауар алады, а онсыз еш квалификация жабылмайды, олай істемесең жүре бересің! Бұлай жүргенім болмас деп қарызға кіресің. Міне, осылай менде қарызға кірдім.
21. Маркетингті түсіну өте оңай емес. Бергі майлы жағын айтады, машина үй деген секілді. Арғы жағында әрбір пвді есептеу арқылы қаншама минусқа кіріп жатқанын көбі түсіне бермейді.
22.
20.0K views20:49
Ашу / Түсініктеме