Get Mystery Box with random crypto!

Е Аллам ерте тұруды нәсіп ете гөрші деп тілеген бір келіншек д | Айнұр Асанберді

Е Аллам ерте тұруды нәсіп ете гөрші деп тілеген бір келіншек дәл қазір күнде мәжбүрлі түрде таң атпай ұйқысынан оянады. Өйткені сол тілекті жазған соң анасы инфаркт алған. Таңғы бесте тұруды армандаған қызы күнде осы уақытта анасына дәрі береді.

Үш миллион табыс тапсам деп жазған отанасының жолдасы жол апатынан көз жұмып, кінәлі жақ кешірімге тура “армандаған” ақшасын әкеп берген.

20 кг арықтаймын деп жазған әйел айықпас дертке шалдығып салмағын жоғалтқан. Мысал өте көп …

2022 жыл келе жатыр. Арман, мақсат жаз деген әмір инстаны жаулап алды . Үй, машина, миллиондар есімізді жаулауда.

Логотерапияның атасы Виктор Франкл Солтүстікке ұшатын самолет тіке солтүстікке бағыт алмайды, бағытты қиғаш қояды. Сол кезде желдің әсерімен дұрыс жолға түседі дейді.

Яғни адам баласы да өмір деген соқпақтың салдарынан тайқып кетпес үшін АРМАН, мақсатын биіктен алғаны жөн. Миға симайтын, қолыңыздан келмейтін дүниеге ұмтылыңыз дейді логотерапия. Асқақ арман ғана жол-жөнекей қазір сіз шимайлап жүрген майда-шүйде материалдық дүниелерді ырықсыз эффектпен алақаныңызға салып береді екен. Бұл туралы @logo_terapia парақшасында айттым.

Ал, тым төменгі материалды арманның қайда апаратынын сізбен біз білмейміз. Жоғарғы мысалдағыдай арманыңызға алданып қалуыңызда мүмкін… Алланың сізге берері сіздің шимай-шатпағыңыздан да жоғары. Шектемеңіздер…

“Король Ричард” киносын көріп шығыңыздаршы. Бүткіл қара нәсілді қыздардың қамын жеген отбасының өмірі. Қаншама қиындыққа қасқая қарап, ұлтының жастарының болашағын ойлап жасаған қадамы отбасына байлықты да, мансапты да, атақты да үйіп-төгіп берді. Киноның сілтемесін телеграмға сап қоям. Сторис арқылы өте аласыз …. Приятного просмотра