Get Mystery Box with random crypto!

Super bol деген жоба басталғанын естіген едім. Бірақ аса мән б | ArshatGo

Super bol деген жоба басталғанын естіген едім. Бірақ аса мән бермедім. Жақында Ютубта бір эпизодын көріп қалып, енді соның фаны болып алдым.
Идеясы мықты жоба. Қазақстанның бірнеше қаласында іріктеу өткізіп, финалдық кезеңіне 25 талантты таңдап алған. 2 ай бойы Талғарда Ұлттық Құраманың базасында жаттығады. Соңында түрлі клубтармен профессионал контракт жасауы мүмкін.
16-25 жас аралығындағы бұл жігіттер бұрын футболмен айналысып, командаға іліге алмағандар және тіпті еш команда базасында болмай, өзі жаттығып жүрген таланттар да бар.
Іріктеуге 4 қыз қатысып, біреуі соңына дейін барған. Бірақ оны БИІК қыздар командасына жіберіпті.
Бір жігіт бұрын ракпен ауырып, кейін жазылып, соңғы 25-тікке ілінген. Бірақ базадағы дәрігерлер тексеруден өткен кезінде әрі қарай болмайтынын айтты. Жас жігіт ең болмаса өзін дәлелдей алғанына риза.
Ақтаулық 18 жасар жігіт әкесінен ерте айрылып, қазір еуроремонт, құрылыспен айналысып жүр екен. Осы жобаның финалына өткенін естіген кезде Алматыға ұшып келуге кредит алған екен. Оны Смаков жауып беріпті естіген кезде.
Команданы Смаков пен Лория жаттықтырып жатыр. Жалпы профессионал топ жұмыс істеп жатыр. Шығарылымдары мен күнделіктері қызық. Сөйтсем режиссері Айсұлтан Сейітов екен ғой.
Қарап жүргендер бар ма?