Get Mystery Box with random crypto!

АМЕРИКА КОММУНИСТЕРДІ КЕМЕГЕ ТИЕП, РЕСЕЙГЕ ЖІБЕРГЕН 1917 жылғ | ArshatGo

АМЕРИКА КОММУНИСТЕРДІ КЕМЕГЕ ТИЕП, РЕСЕЙГЕ ЖІБЕРГЕН

1917 жылғы Ресейдегі қазан төңкерісінен кейін Америкадағы коммунистер кәдімгідей серпіліп, елдің тұтастығына қауіп төндірген екен. Тіпті, 1919 жылы солшылдар мен анархистер 8 қалада бомба жарыпты(!), рас, адам шығыны болмаған. Сөйтіп, елде азаматтық соғыстың иісі шыға бастапты.

1919 жылдың 21 желтоқсанында тұтқындалған 249 радикал-коммунисті кемеге тиеп, Ресейге жіберіпті (Финляндия арқылы).

Басында керемет қарсы алған. Газеттер, тілегі бір бауырлардың қуанышты қауышуын қоймастан жазады. Сосын күйбең тірлік басталады. Кемемен келгендердің серкелері Алекс Беркман мен Эмма Гольдман өздері жырлап жүрген жаппай теңдіктің "кереметтерін" өз көзімен көреді. Елді аралап, "сондай жарқын идеяны сорлатқан" Ленин мен Троцкийге лағнет айтып, ақыры шетелге кетіп қалады.
Қалғандарының көбі 1939 жылға дейін атылып кетті.