Get Mystery Box with random crypto!

Астанада 11 түрлі куиз бар екен. 9-ы орысша, 1 ағылшынша, 1 қа | ArshatGo

Астанада 11 түрлі куиз бар екен. 9-ы орысша, 1 ағылшынша, 1 қазақша.
Бәрінің өз аудиториясы бар. Қазақша куизге адам аз келеді бірақ. Адамдарды қанша шақырсаң да, интеллектуал ортаны кеңейткің келсе де келгісі келмейтін адам келмейді.
Себептерін түсінген сияқтымын. Орыстілді ортамен үлкен айырмашылық бар.
Бастысы интеллектуал деңгей болуы мүмкін. Бізде көбіне эмоционалдық басым. Жәй демалып, көңіл көтеруден гөрі басқа комплекстер кедергі. Нәтиже нашар болса, ақымақ болып көрінуден қорқады, ұнамайтын адамдармен кездесіп қалудан қашады.
Ал негізінде куиз жәй ғана бас қосу, интеллектуал демалу ғана. Үлкен ұтыс та жоқ.
Сондықтан "бару керек ед", "келесіде келем" дейтіндер негізінде "ешқашан бармаймын, деңгейім жетпейді" дегенді білдіреді.
Яғни, арақ пен намазға зорлық жоқ болғаны сияқты, куизге де ешкімді қинамау керек. Керек адам өзі тауып келеді