Get Mystery Box with random crypto!

Telegram Premium аккаунт алдым. Теңгемен айына 2090₸. Пәлендей | ArshatGo

Telegram Premium аккаунт алдым. Теңгемен айына 2090₸.
Пәлендей артықшылық көрмедім. Яғни, мен үлкен файлдар жүктемеймін, видеоны тез қарауым да міндетті емес. Экстра стикерлер де аса қажет емес.
Әзірше ұнағаны - чат, каналдарды түрлі папкаларға бөліп қою. Осындай функция болса екен деп жүр едім.
Премиумдағыларға статус/стори мүмкіндігін бергенде жақсы болар еді.
Аудио тыңдауға мен сияқты қиналатындарға текстін көрсететіні жақсы. Бірақ, қазақшасы дәл шықпайды.
Жалпы сервисті қолдау үшін айына төлеп тұруға болады. Барлық қолданушылардың 3% алса, сервер шығындары жабылады екен.
Пибі ақшасымен есептегенде 2 мың дым емес.

Түзету: папкаларға бөлу бұрыннан бар екен. Мен көрмеппін