Get Mystery Box with random crypto!

Бұрын осылай қуыппын... ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА | ArshatGo

Бұрын осылай қуыппын...
ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫССА...
- Бір нақты бағдарлама аясында шыққан боламыз;
- Еліміздің үздік флешмобшылары барады, ақ бейсболка, футболкаларымен;
- Чемпионат қабылдаушы елде қазақ футболы және мәдениеті күндері өтеді;
- Мемлекеттік сатып алумен бәленбай билет алынады;
- Футболды түсінбесе де, мемлекет және өнер қайраткерлері барады, әлбетте блогер деп аталып жүрген сүтқоректілер де ілесіп барады;
- Әр өңірден іс-шаралар ұйымдастырылады;
- Әр ойынның пресс-релизі дайындалады, алдын ала;
- Матч арасындағы үзілісте кофе-брейк ұйымдастырылады, қарсылас команда жанкүйерлеріне бауырсақ, қалам және дәптер сыйға тартылады;
- Турнир соңындағы нәтиже бойынша әлемнің қай елдерінен алда болғанымыз және қандай мықты елдер қатыспағаны, біздің олардан озғанымыз жарияланады;
- Алдағы чемпионатты біз қабылдайтын болып шығамыз.