Get Mystery Box with random crypto!

Қазақтар неге саяхатқа шықпайды? 2 жыл бұрын отбасыммен Антал | ArshatGo

Қазақтар неге саяхатқа шықпайды?

2 жыл бұрын отбасыммен Анталияға бардым. Бәрі тегін демалыс қой. Содан түнде бәрін жатқызып тастап, еркектер қауымы барда жиналады. Жан жақтан келген адамдармен танысып сөйлесесің.

Сонда Атбасарда туған, қазір Германияда оралман неміс жігітпен таныстым. Әйелім еден жуады, мен зауытта істеймін дейді. Бала-шағаны тек осы жерге әкеле аламын дейді.

Бір топ молдован жігіт жүр. Олар Лондонда ремонтпен айналысады екен. Сосын бала-шағаларын жинап, жылына 1 рет теңізге демалысқа келеді.

Қарасаңыз, жәй қарапайым жұмысшы адамдар. Ал бізде тек ақшасы барлар Түркияға барады деген стереотип бар.

Студент кезімде сол аймақта біраз жұмыс істедім. Сол кезден байқағаным: орыс апайлар көп келеді демалысқа. Қазір де солай. Мектепте мұғалім апайлар мысалы. Жазғы демалысқа жинап жүреді. Ал бізде кемпір-шалдар балаларының үйіне, тойына, құдалықтарға жинайды. Өздері түк қызық көрмейді.

Ең болмаса жастар саяхатқа шықса ғой дейсің. Әлде ақпарат аз ба екен? Негізі Бурабайға барғанша Түркия арзан. Бір адамға 7 түнге 200-250 мың болады. Оған ұшақ бағасы, әуежайдан трансфер, 5 мезгіл тамақ, 24 сағат сусын-ішімдік кіреді. Және монша, концерт, диско сияқты ништяктар да бар әлбетте.

Бұдан арзан бағаға да табуға болады. Қазақтарда да белсенді демалыс тренд болса екен дейсің да...