Get Mystery Box with random crypto!

Коста-Рикада неге call-center'лер көп? Осындай сұраққа таныма | ArshatGo

Коста-Рикада неге call-center'лер көп?

Осындай сұраққа танымал бір түрік желісіндегі юзер бас ауыртқан екен.

Ешқандай әскері жоқ, туризмі күшті, аты тек футболдан белгілі бұл елде неге адамдардың көбі казинолар және call-center'ларда жұмыс істейтінін түсінбепті бастапқыда. Кейін оқиғаның мән-жайына жетіпті. Сөйтсе, казинолар сияқты телефон орталықтары да ақша жууға арналған екен.

Яғни қара ақшаң болса, Коста--Рикада колл-центр ашасың да, соған телефон шала бересің. Кейін жігіттер ақшаңды шығарып береді.

Бұл сектордың дамығаны соншалық, тіпті Amazon сияқты ірі компаниялар да телефон орталықтарын осы аймаққа тасып жатыр екен. Яғни бұл қызмет нақты жүйеге қойылған.

Гуглдан іздеп көргенімде бір сайт ашылды. Ең қызығы: ол сайттың қазақша нұсқасы бар. Мысалы осы жақтан хабарласып, Коста-Рикада колл-центр аша аласыз