Get Mystery Box with random crypto!

Қазір банктердің салық тақырыбынан есеңгіреп қалған нарықты жа | ArshatGo

Қазір банктердің салық тақырыбынан есеңгіреп қалған нарықты жаулап алуға шабуыл жасайтын кезі.
Төлем жасау модульдері бар. Бұған ок. Күнделікті саудадан бөлек халықтың ақшасы көп айналатын нәрсе - такси.
Былтырлары жергілікті такси қызметі туралы ойланған едік. Біраз ақпарат жинадық, қалай ұйымдастыруға болатынын көрдік. Бірақ тұтынушы жинауға және таксистерді қызықтырып шақыруға үлкен қаржы керек екенін түсіндік. Бұған банктер сияқты грандтар болмаса былай жеке кәсіпкерге қиын нәрсе екенін ұқтық.
Содан Каспи банкке хат жазғам, идея ұсынып. Күнделікті тұрмысымызға еніп кеткен Каспи голдың ішінен бір бөлім ашып қоюларына болар еді. Халықта да, таксистерде де каспи голд бар. Екі жаққа да ыңғайлы болар еді. Бұның айналымының үлкендігі соншалық, билет сату мен онлайн дүкендерінен түсетін комиссиядан да көп табыс таба алады.
Банктегі үлкен милар да мониторинг жасап, өз анализдерін жасап отыратын шығар? Бірақ такси қызметі арқылы көп тұтынушы жинап алуларына болады. Сол кезде Каспи голдты ығыстыруларына болады. Мысалы Халықбанктен күтуге болады. Оларда тұтынушы базасы бар. Бірақ Халықмаркет Каспи Дүкеніне бәрібір жете алмайды. Басқа нәрселерді қарастырғаны жөн.
Соған мысалы отандық такси қызметі жақсы шешім бола алады. Ал кейін дүкендерде QR арқылы өз төлемдерін де енгізе бастар еді. Қазір де бар, бірақ соншама танымал емес.