Get Mystery Box with random crypto!

Біреудің кабинетіне барған кезде манипуляцияға берілмеу... Ка | ArshatGo

Біреудің кабинетіне барған кезде манипуляцияға берілмеу...

Кабинет - әр адамның жеке территориясы. Келген адамға ықпалын көрсетеді. Ал сол кезде тең дәрежеде сөйлесу үшін не істеу керек?

Әдетте мәдениетті, білікті, әдепті адам қонақ келген кезде басшылық орнында емес, қонақ үстеліне келіп, қарама қарсы орынға отырады немесе диванда жанына. Ал біреулер өз орнында отырып шікірейеді. Сондай жағдайда оның ығына жығылмай, өз позицияңды қорғау немесе шаруаң дұрыс шешілу үшін оның территориялық күшін жеңуіңіз керек.

Ол үшін кірген кезде бірден отыра салмай, өзіңізді еркін ұстап, кабинетті бір қарап алу керек. Шкафта кітаптар болса, ашып қарап, үстелде мүсін немесе сувенир тұрса, ұстап қарау керек. Әңгімеге сосын кірісу керек. Бұл қабылдаушы жақтың аймағына еркін кіру, оның ықпалына қарсы қорғаныс сияқты болып сезіледі.

Әлбетте әңгіме барысында көзіне тіке қарап сөйлесу керегін де білесіз

#психология