Get Mystery Box with random crypto!

Жалпы туризм, саяхат, демалысты жақсы көремін. Сондықтан кейде | ArshatGo

Жалпы туризм, саяхат, демалысты жақсы көремін. Сондықтан кейде кеңес беремін.

Отбасылы болғаннан кейін демалыстың да түрлері болады. Соларға тоқталсам деймін.

Бала-шағамен баратын жер және бармайтын жер деп негізі екіге бөлемін.

Отбасымен барылатын жер - өзен, көл, теңіз. Балаларға басқасы қызық емес. Бурабай, Ыстықкөл, Дубай, Египет, Анталия. Мұндай жерлерге баламен баруға болады. Әсіресе оллинклюзив болса тіпті жақсы. Тамағы да дайын, ойнататын аниматорлары да, бассейнде құтқарушылары да.

Баласыз баратын жерлер - Алтай, Өзбекстан, Еуропа, Стамбул. Жаяу жүретін жері көп, мәдени туризмге толы сапар болса баласыз бару керек. Босқа алаңдатады, сием-тышам дейді, қарны ашады, зайбалды шығарады. Сондықтан қарайтын адам болса, тастап шыққан жөн. Адам баласыз демалыстан да ләззат алуы керек. Әсіресе әйелдер.

Ал енді еркектік тұрғыдан тағы бір туризм түрі бар - Спорт туризмі. Олимпиада, Еуро, Чемпиондар Лигасы сияқты ірі спорт, футбол мейрамдары.
Бұған енді еркектер жалғыз барады. Әрине еркек достары болса тіпті жақсы. 2 түрлі кайфы бар. Біріншіден спорттан, сол атмосферадан ләззат алу, екіншіден үйдегі тірліктен бас демалту.

Сол