Get Mystery Box with random crypto!

Қазіргі таңда сізге керекті 5 ереже 1.Әр уақытыңызды босқа ө | Қазақша цитаталар 💫

Қазіргі таңда сізге керекті 5 ереже

1.Әр уақытыңызды босқа өткізбеңіз

Иа барлығымызда жалқаулық бар, ылғи да ештеңе істемей ұялы телефонда отырғымыз келеді.Бірақ сәл уақыт болсын ертеңіңізді ойлап көріңізші. Қазіргі жіберген 1 минутыңыз болашақта мүлде қайтып келмейді

2.Ұнайтын іспен шұғылданыңыз

Өмір бір ақ рет беріледі, осы қамшының сабындай қысқа өмірде кішкене болсын өзіңіздің айтқаныңызбен жүріңіз. Және басқаларға да сондай талап қойыңыз

3.Армансыз өмір сүрмеңіз,мақсат қойыңыз

Армансыз адам, қанатсыз құспен тең дейді. Бұл дұрыс айтылған. Егер болашаққа әлі арманыңыз мақсатыңыз жоспарыңыз жоқ болса, дереу арада ойланыңыз. Сіз нені қалайсыз?Оны шын жүректен қалайсызба? Әлде біреу солай айтты ма?

4.Қоршаған ортамен жақсы қарым қатынаста болыңыз

Бұл біреугі өліп өшіп араласыңыз дегенді білдірмейді. Бірақ мейілінше ашық жарқын болуға тырысыңыз.Және мен онымен жақсы араласуым керек екен деп өз жоспарыңыздың барлығын айтудың қажеті жоқ

5.Отбасы мен тату болыңыз

Бұл әр адамзат үшін маңызды. Сіздің ата анаңыз бар, бауырларыңыз да жетерлік. Неге оған қуанбасқа? Не де болса олар сізді әрқашан қолдайды.Олармен ешқашан сөзге келіп қалмаңыз. Әрине білемін біреулер үшін бұл қиын, бірақ бақыттың кілті осы отбасында