Get Mystery Box with random crypto!

бір сәт болады... өзіңнің шынымен кері тұстарыңды мойындайтын | Қазақша цитаталар 💫

бір сәт болады...

өзіңнің шынымен кері тұстарыңды мойындайтын. жөндегің келіп, құлшына кіріссең де, көлеңкеңше артыңнан қалмайтын. тырыса, талпынған сайын олда кері кеткендей болып, миыңды депрессия жаулайтын.

б і р а қ,

бір сәт болады...

кері тұстарыңды жөндеуге асыққанша, оның тамырын ойланып, ол затты жойып жіберуге емес, жақсы жаққа өзгертуге тырысу керегін түсінетін.

бәрі мінсіз болуға тырысады. келбеті, мінезі, қарым-қатынасы, жағдайы, өмірі...

б і р а қ

көбі жәй ғана мейірімді болуға тырыспайды. көшеден өткен әр адамға күлімдеп қарау, достарының халін біліп, жақындарына себепсіз сыйлық жасау, еш қайтарымсыз көмек көрсету, орындалмайтынын білсе де мұңды құрбысына "бәрінің ғажап болатынын" айтып сендіру, кез- келген адамға комплимент айту. мұның бәрі ешқандай байлықты қажет етпейді.


айналаң жаман болса да, сенің әр жақсы ісіңді көрген сайын, сенің сый-құрметіңде артады.

есіңде болсын,
әлемге, адамға, табиғатқа
бір мейірімді бике қажет...
және ол сенсің


жәй ғана қарапайым, мейірімді лэди болшы, күнім.


мынандай жамандыққа толы әлемді, мейірімділік қана құтқарады...

күлімде, бике