Get Mystery Box with random crypto!

Aqorda 🇰🇿

Арна мекенжайы: @aqorda_resmi
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 52.35K
Арнадан сипаттама

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 121

2023-01-19 16:25:47 Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевтың Мемлекет басшысына жасаған баяндамасынан:

Террористік қатерлерді азайту үшін алдын алу жұмыстары жүргізілді. 3 террорлық актіге дайындық кезеңінде тосқауыл қойылды. Кезектен тыс президенттік сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздікті жоспарлаған радикалды топ жойылды. Лаңкестік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 56 адам сотталды.

Терроризм мен діни экстремизмге қатысы бар 134 шетел азаматының елге кіру әрекетінің жолы кесілді.

Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, еліміздегі криминогендік жағдайды айтарлықтай жақсартылды. Аса қауіпті 15 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, олардың 56 басшысы және белсенді мүшелері ұсталды.

1 100-ден астам қару, 598 граната және 31 860 оқ-дәрі заңсыз айналымнан шығарылды. Тәркіленген қарудың жартысына жуығы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

Есірткіге қарсы 130 операция жүргізілді. 1,3 тонна әртүрлі есірткі тәркіленді. Шетелдік серіктестермен бірге 96 халықаралық және өңірлік есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды. Синтетикалық есірткі өндірісімен айналысқан 28 зертхана жойылды.

32 заңсыз көші-қон арнасының жолы кесіліп, оларды ұйымдастырушыларға қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамыту жөнінде кешенді шаралар іске асырылды. ҰҚК техникалық қызметтері аса маңызды инфрақұрылым объектілеріне жасалған 341,8 миллион кибер және 2 954 DDoS-шабуылға тоқсауыл қойды.

Мемлекеттік шекараны бұзған 15 603 адам ұсталды. Шекара арқылы құны 21,9 миллиард теңге болатын валюта, алтын және өзге тауарларды заңсыз өткізуге жол берілмеді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
5.7K views13:25
Ашу / Түсініктеме
2023-01-19 14:06:40 Глава государства принял председателя правления АО «Казпочта» Асел Жанасову

В ходе встречи Президенту была представлена стратегия развития национального почтового оператора.

Как сообщила Асел Жанасова, приоритетными направлениями в деятельности «Казпочты» станут финансовое оздоровление; развитие социального банка и усиление роли финансовых услуг; расширение возможностей предоставления государственных услуг на базе существующей инфраструктуры; повышение эффективности традиционного почтового бизнеса с фокусом на электронную коммерцию и международные посылки.

Касым-Жомарт Токаев также был проинформирован о планах компании по развитию инфраструктуры, логистической и филиальной сетей с целью предоставления возможности бизнесу доставлять услуги и товары до каждого жителя села.

По итогам встречи Глава государства поручил продолжить реализацию стратегии по данным направлениям, подчеркнув социальную значимость присутствия почтового оператора в регионах.

t.me/aqorda_resmi
8.1K views11:06
Ашу / Түсініктеме
2023-01-19 14:06:36
t.me/aqorda_resmi
6.9K views11:06
Ашу / Түсініктеме
2023-01-19 14:06:32 Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады

Кездесу барысында Президентке ұлттық пошта операторының даму стратегиясы таныстырылды.

Әсел Жанасованың айтуынша, қаржылық жағдайды оңалту, әлеуметтік банкті дамыту және қаржылық қызметтердің рөлін күшейту, қолданыстағы инфрақұрылымдар базасында мемлекеттік қызметтерді ұсыну мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ электронды коммерция мен халықаралық сәлемдемелерге баса мән бере отырып, дәстүрлі пошта бизнесінің тиімділігін арттыру «Қазпошта» жұмысының басым бағыттары болады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнеске ауылдың әрбір тұрғынына қызмет көрсету және тауар жеткізу мүмкіндігін беру үшін компанияның инфрақұрылымын, логистикалық және бөлімшелік желісін дамытуға қатысты жоспары туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы аймақтардағы пошта операторы жұмысының әлеуметтік маңыздылығына назар аударып, аталған бағыттар жөніндегі стратегияны жүзеге асыру ісін жалғастыруды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
6.7K views11:06
Ашу / Түсініктеме
2023-01-19 13:04:16 Из заявления Главы государства о назначении внеочередных выборов депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов:

«Нам вместе предстоит преодолеть сложные вызовы и решить множество важных задач на пути построения Справедливого Казахстана.

Призываю всех проявить гражданскую ответственность и принять активное участие в выборах в Мажилис и маслихаты»

t.me/aqorda_resmi
8.0K views10:04
Ашу / Түсініктеме
2023-01-19 13:04:13 Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінен:

«Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы жолда түрлі сын-қатерді еңсеріп, көптеген маңызды міндетті бірге атқаруымыз керек.

Мен баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытып, Мәжіліс пен мәслихат сайлауына белсене қатысуға шақырамын»

t.me/aqorda_resmi
7.5K views10:04
Ашу / Түсініктеме
2023-01-19 13:04:01 Из заявления Главы государства о назначении внеочередных выборов депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов:

«Уверен, эта избирательная кампания продемонстрирует высокий уровень политической культуры и будет способствовать консолидации нашего общества.

Мы вступили в новую эпоху развития Казахстана. В стране идет динамичный и всесторонний процесс обновления. Эти выборы станут олицетворением происходящих в обществе изменений и придадут мощный импульс дальнейшей модернизации нашей политической системы. Сегодня в мире не так много государств, которые проводят столь масштабные преобразования.

Выборы в Мажилис и маслихаты станут завершающим этапом перезагрузки государственных институтов и наполнят реальным содержанием формулу «сильный Президент – влиятельный Парламент – подотчетное Правительство»

t.me/aqorda_resmi
7.4K views10:04
Ашу / Түсініктеме
2023-01-19 13:03:55 Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінен:

«Осы сайлау науқаны еліміздегі саяси мәдениеттің жоғары екенін айқын көрсетіп, қоғамымызды ұйыстыра түседі деп сенемін.

Біз дамудың жаңа дәуіріне қадам бастық. Қазақстанда қарқынды және жан-жақты жаңару үдерісі жүріп жатыр. Бұл сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына зор ықпалын тигізеді. Қазір әлемде дәл осындай ауқымды өзгерістерді қолға алған мемлекеттер көп емес.

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты толық іске асады»

t.me/aqorda_resmi
6.1K views10:03
Ашу / Түсініктеме
2023-01-19 13:03:41 Из заявления Главы государства о назначении внеочередных выборов депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов:

«Центральная избирательная комиссия и Генеральная прокуратура будут вести строгий контроль за соблюдением законности, прозрачности и справедливости предстоящих выборов.

За электоральным процессом будут пристально следить отечественные и международные наблюдатели. Здесь важную роль играет активность граждан. Все кандидаты и партии в соответствии с законом получат равный доступ к средствам массовой информации»

t.me/aqorda_resmi
6.2K views10:03
Ашу / Түсініктеме
2023-01-19 13:03:36 Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінен:

«Алдағы сайлаудың заңға сәйкес өтуіне, әділ әрі ашық болуына қатаң бақылау жасалады. Бұған Орталық сайлау комиссиясы және Бас прокуратура жауапты.

Сайлау науқанын отандық және халықаралық байқаушылар жіті қадағалайды. Осы тұста азаматтарымыздың байқаушы ретінде белсенділік танытуы маңызды. Заңға сай барлық кандидат пен партияның бұқаралық ақпарат құралдарына шығуына бірдей мүмкіндік беріледі»

t.me/aqorda_resmi
5.7K views10:03
Ашу / Түсініктеме