Get Mystery Box with random crypto!

Просто ерте тұрудан басташы! Пайдалы әдеттер қалыптастырамыз | AQARYS aitty

Просто ерте тұрудан басташы!

Пайдалы әдеттер қалыптастырамыз деп жүргенімізге біііііраз болды ғой. Бірден тау қопармай-ақ қояйықшы. Просто ерте тұрудан бастайықшы! Осы бір әдеттің өзі біраз шаруаның бітуіне септігін тигізеді. Күнің ұзағырақ және берекелі өтеді.

Тәк, значит ерте тұрамыз деп ниеттендік. Ниеттен басқа тағы не керек:
1. Ерте ұйықтау керек! Мен көбіне 22:00ге дейін ұйықтап қалуға тырысамын.
2. Телефонды ұйықтауға 1 сағат қалғанда қолдануды доғару керек. (телевизор, компьютер и тд.)
3. Тек ерік күшіңе сенбе. Әрине, өзіңді қинап тұрғыза аласың. Бірақ таңертең сені дәмді таңғы ас күтіп тұрса немесе сені қуантатын басқа да зат күтіп тұрса, ерте тұру “приятнее” болады Сол үшін сені қуантатын бірдеңе тауып, таңғы уақытқа қой
4. Будильниктің “кейінгі қалдыру” кнопкасын басуды қою керек. Бірден тұрып кетуге тырыс. Мен кезінде осыны әдетке айналдырып, резкі атып тұрып, ұйқымды әжетханаға бара жатқан жолда ашып алатынмын


Менің берер кеңестерім осы. Жәй оқып, кете бермей ерте тұруды әдетке айналдыр! Қашанғы жүреміз маубас болып?