Get Mystery Box with random crypto!

Margulan Aqan

Telegram арнасының логотипі aqanmargulan — Margulan Aqan M
Telegram арнасының логотипі aqanmargulan — Margulan Aqan
Арна мекенжайы: @aqanmargulan
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.23K
Арнадан сипаттама

👨‍👩‍👦 Жас отбасы: кейс талдау
🔹Жеке даму/Мотивация/Медиа

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар

2022-08-30 21:36:05
Көретін фильм іздеп отырсаңыздар, міне!
Фукусима/ 2020 жылы жарық көрді.
Мына фильмді министр, әкімдер көрсе деп қоямын шіркін...
131 viewsМарғұлан Ақан, 18:36
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 16:35:33
Өкінбейсіздер… бастағаным кеше, екен!
473 viewsМарғұлан Ақан, 13:35
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 16:30:50 Тиктокта отырған мектеп оқушылары, соның ішінде қыздары жыныстық қатынастың дәмін татып тастағандай, ұлдары бәрін көріп, өмірді сүріп, жетеріне жетіп тастағандай видео түсіреді екен. Кәдімгідей өз алдына қалыптасқан тенденция дерсің... Оларға бір, ұлыма бір қараймын... Алаңдап қалдым
436 viewsМарғұлан Ақан, 13:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-08 19:06:42
iPhone-ға фон) сурет авторы: өзім
985 viewsМарғұлан Ақан, 16:06
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 00:12:35 Лира Қоныстың әңгімелері: http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1152085&lang=kk
1.4K viewsМарғұлан Ақан, 21:12
Ашу / Түсініктеме
2022-05-08 22:30:44 https://egov.press/1400-russian.html
1.5K viewsМарғұлан Ақан, 19:30
Ашу / Түсініктеме
2022-03-31 14:02:12
Мына жәрмеңкеге барып, кітап сатып алған қазақтар шетінен "аристократ қазаққа" айналады дейді.
Бұл жәрмеңкеге барып, кітап сатып алған қазақтар 30 күн ұстаған оразасының үстінен тағы бір есе сауап алады дейді.
Бұл жәрмеңкеге барып, кітап сатып алып, оны оқып, түсінгенін басқаларға айтып берсе, мазмұнын түсінгендер, сол кітапты қайта сатып алу үшін осы жәрмеңкені аңсап тұрса, кітап сатушылардың сауабын ғана алып қоймай, олардың түнгі дұғасын, тілегіне қосылады дейді.
Мынада кейін қалай бармайсың и
Өткенде айтқан ORDAGEN ертегілері, кітаптары да осында болады.
2.2K viewsМарғұлан Ақан, 11:02
Ашу / Түсініктеме
2022-03-26 11:12:55
"Повар императора" деп аталатын сериал. Көргенде арманда, көрмеген де арманда. Қазір бастап кетіңіз, өкінбейсіз!
1.6K viewsМарғұлан Ақан, 08:12
Ашу / Түсініктеме
2022-03-24 19:15:57
Жеке өміріңіз туралы білсем?
Anonymous Poll
79%
Бойдақпын
21%
Отбасылы адаммын
471 voters1.5K viewsМарғұлан Ақан, 16:15
Ашу / Түсініктеме
2022-03-20 18:35:16 Ұлымның туғаннан жемқор болмауы үшін 300 000 теңге төледім, сүкі!

Біздегі жемқорлықтың басы сәби дүниеге келген кезден басталады. Несін жасырамын, бәріңізге таныс жағдай. Келіншегімнің өміріме жасаған үлкен сыйын қуанышпен қабылдадым. Жан-жаққа сүйіншілетіп, ат шаптырдым. Тек 3 айдан кейін ғана менде бәрі өзгере бастады.

Бұл посты оқып отырып, "өзіңнің балаң үшін ғой, несін жаздың?" деп сөгерсіздер, бірақ бұл п**дец жағдай болған соң жазып отырмын.

Келіншегімді жалдап тұрып жатқан пәтердің орналасқан ауданына қарасты перзентханаға апарып тіркеуім керек екен. Бардық. Совет үкіметін көрген жоқпын, бірақ көргендей болдым. Сағат 10-ға шақырған медбике "күтіңдер" деген соң күттік. 20 минуттан кейін ішке кірсек, медбикем құрбысымен шай ішіп отыр. П**здец пе?

Ал мен ішінде баласы бар келіншегімді алып, соған тәуелді азамат ретінде күтіп тұрмын. Себебі олар өздерін солай сезініп алған. Бітті. Басқа ештеңесі жоқ. Типа бізден асып қайда барасыңдар, біз ғой тудыратын деген секілді оймен отыр. П**здец ә?!

Ішке кірдік. Кіргенімді қайтейін, қазір емес ақпанның 20-нан кейін тіркейміз, сол кезде келіңдер деді. Қысқасы, мен өзімді лох сезіндім. Себебі ол тегін емдейді. Тегін қарайды. Ал ол оған ұнап тұрған жоқ немесе мен келе салып жыртыңдап конверт бермедім не обедке деп 2 мың теңге тастамадым.

Шыққан соң әйеліме айттым. Жалпы бұл жердегі жағдай қалай жүреді деп едім, босандыратын кезде рақмет айтамыз, іштегі медбикелер дұрыс қарау үшін аз-маз ақша береміз деді. Бермесек ше? "Балаң үшін енді қалай бермейсің?" деп бұртиды келіншек. Бірдеңе дейін десем, іште жетіліп келе жатқан балам тұр, демейін десем қаным басыма шауып барады. "Бәрінде осылай ғой, жан" деп тағы қосты. Иә, бәрін де осылай екенін білемін, тек қазір өзім соған тап келдім, сүкі!

Бүйтіп мал болып, басымды иіп, бұларға тәуелді болмай-ақ қойдым. Мыналарда тегін болған соң, ертең бірдеңені де талап етіп, әңгіме айта алмайсың ғой. Кеттік, ақылы бөлім іздейік.

Сөйтіп Бәсенов көшесіндегі перзентханаға бардық. Кассадағы қыздарға "әйелімнің аяғы ауыр, тіркетейін..." дегенімше болған жоқ, шайнаңдап отырған медбике "Фамилия?" деп жиіркеншті көзбен қарады. Бірден түсіндім. Тегін келіп тұрғандар деп ойласа керек. "Қарындас, маған ақылы бөлім керек" деп едім, сағызын жұтып қойған адамдай, жаңа ғана езіліп отырған адамым елеңе ете қалды да, артық сұрақ қоймастан, құжат қана сұрап, бәрін өзі жасай бастады. Кайф! Ақшаның буы, сүкі!

Сөйтіп 9 айға жалпы 300 000 теңге ақшам кетті. Қарады, дұрыстап түсіндірді, күлімдеп қарсы алып, күлімдеп шығарып салды. Кайф! Тағы да ақшаның буы, сүкі!

Айтайын дегенім, ертең конверт беріп тудырған баланың көзіне қарау үшін ардың тазалағы керек қой. Ой, лібә! Не жазып отырмын, бейне бір бізде ар тазалағы қалғандай айтыппын ғой. Кешіріңіздер.

Айтпақтай, қазір мемлекет бойынша тіркелген емханаға барып жүрміз. Сол жердегі педиатырдың балам жылай берген соң айтқанын айтайын: "Бала болған соң жылайды ғой". Ал оған біз сеніп 2 ай жүргенбіз. Содан кейін болмай кеткен соң, тағы ақылы бөлімге барып, тексерілдік. Сөйтсек, балам бала болған соң жылап жүрген жоқ, гипоксия екен! Оны емдеу керек, дәрі алып, қарау тиіс екен. Ал тегін қарайтын жердегі тегін педиатрға поқу!

Мынадан кейін ақшаға деген махаббат екі есе оянады. Руханият туралы айтып келіп, оның артынан "ақшаң маңызды емес" деген тіркесті қосып, елдің ертеңі үшін жұмыс істеуге шақыратын "лидерлерді" естігенде жылағым келеді. Бір баласын тудыру үшін де сандалып кетіп жатқан әкелерге барып қай руханият туралы айтасың?!

Өмірге артында әдемі фоны бар поэзиямен емес, бір сәтке объективті көзбен қарайықшы.
2.0K viewsМарғұлан Ақан, 15:35
Ашу / Түсініктеме