Get Mystery Box with random crypto!

Антикор қызметкеріне қауіп төндірген полиция майоры қамауға ал | ANTIKOR 🇰🇿

Антикор қызметкеріне қауіп төндірген полиция майоры қамауға алынды

Әлеуметтік желілерде азаматтық киімдегі адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкеріне қатысты атыс қаруын қолданумен қорқытатын бейне тараған.
Осы факт бойынша келесіні хабарлаймыз.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы Полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан.

А.ж. 22 қыркүйегінде осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы (билік өкіліне қатысты қауіп) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

А.ж. 29 қыркүйегінде күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

Facebook | Instagram | YouTube
Call-центр - 1424