Get Mystery Box with random crypto!

Биодрамаларды жақсы көремін және жақында “Элвис” фильмін көру | philanthropist ✍🏻

Биодрамаларды жақсы көремін және жақында “Элвис” фильмін көру мүмкіндігі туды.
Қарап отырып, біреудің жазған өмір сценарийі бойынша жалған өмір сүрген адам бейнесін байқадым. Элвис өзінің ішкі сезімін түсінбеді, жеке пікірін айтып, саналы таңдау жасай алмады. Ол үнемі қорқып, басқа біреудің сенгенімен жүрді.

Ол талантты рок-н-роллер ретінде шоу-бизнес тарихында аңызға айналды, сол кездегі көрермендерін үлкен қуанышқа бөледі, ал біздің буын әліге дейін оның орындауындағы «can’t help falling in love» әнін сүйсініп
тыңдайды. Иә, ол өз тыңдармандарын сөзсіз бақытты етті. Бірақ өзі үшін не істеді? Өзі қалағандай баласына қамқор әке бола алмады, жақсы жар болып жарытпады. Өзінің басты арманын (фильмде көрсетілгендей) кейінге шектей беріп, адамдар тозғанша ойнаған ойыншықтай сөніп қалады.