Get Mystery Box with random crypto!

Қуаныш Шонбайдың әрбіріміздің басымызда жүретін «тәж»  туралы | philanthropist ✍🏻

Қуаныш Шонбайдың әрбіріміздің басымызда жүретін «тәж»  туралы айтатыны ұнайды. Әлдебіреу жаңа нәрсені ұсынып,  үйретіп тұрса « мен онсыз да білемін»,  «мынау тағы не айтпақшы екен»  деген сынмен қараймыз,  өзімізді білімсіз көрсеткіміз келмей,  түсінбегенімізді сұрауға ұяламыз және бір-бірімізден кешірім сұрап, кішіреюге де бастағы тәж жібермейді. Бұл да бір тәкаппарлықтың бір түрі. Ол еш жақсылыққа жеткізбейтін,  пайдасы жоқ, зияны көп, көзге көрінбейтін аксессуар.
—————————
Осы ойы көңілімде бір оқығаннан жатталып қойыпты. Содан бері бір жаңа және бейтаныс нәрсенің барлығын көрерде еріксіз туындайтын менмендікті түбімен жойып,  шын бағалауға тырысамын.
Барынша қарапайым болайық,  кезек сізде!