Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-08-15 15:34:41 ЕТТІҢ ҚАМЫРЫ ЕЗІЛІП КЕТПЕСІН ДЕСЕҢІЗДЕР....

Оқырманымның сұрауы бойынша осындай пост ...(пайдалы пост)

Пайдалы постқа аямай басып өтіңіздерші

Керек заттар

Ет сорпасы - 1кесе
Жұмыртқа - 1
Тұз - 1шәй қасық
Ұн керегінше(иленген)

Ет сорпасына жұмыртқа, тұз қосып араластырасыздар. Үстінен ұн салып, қатты қамыр илейсіздер. Қамырды илеп болған соң, 15-20мин тындырып қоясыздар. Қайтадан қамырды басып, иінін қыздырасыздар. Тыңғаннан кейін жая берсеңіздер болады.

Егер сумен илесеңіздер 1шәй қасық май қосып жіберсеңіздер болады.

Сіздер қалай илейсіздер???
2.4K views12:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 15:48:35 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КІРПІК ӨСІРУ

Кірпік өсіру үшін, оған үй жағдайында маска(майлардан) жасауларыңыз керек.

Кірпік өсіруге арналған майлар

Майсана майы(касторовое масло) - кірпіктің өсуіне және кірпіктің өсуін тежейтін бактерияларды жоюға көмектеседі.

Майсана майын мақта таяқшалары көмегімен кірпік түбіне жағыңыздар. 30мин ұстап, жылы сумен жуып тастаңыздар. Бұл әдісті ұйқыға жатар алдында жасаған дұрыс.

Бұл әдісті күнде, 2-3ай жасау керек

Зәйтүн майы(оливковое масло) - кірпікті нәрлендіреді.

Ұйқыға жатар алдында кірпікке арналған щетка көмегімен жағыңыздар. Таңертең жылы сумен жуып тастайсыздар.

Көк шәй

Көк шәй шығарып, суытыңыздар. Мақта таяқшасы көмегімен кірпік түбіне жағып, 15мин кейін суық сумен жуып тастаңыз.

Күніне 2рет, 1-2ай жасау керек
2.4K views12:48
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 16:15:46 Қазіргі таңда біз кірсабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы да мол. Мәселен,

Адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.

Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі. Оған қоса, таз ауруына шалдыққанда дәрігерлер  кір сабынмен жуынуға кеңес береді.

Бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды. Кір сабынмен жуынғаннан кейін, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз.

Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып қана қоймай,  денеңіз сергіп қалады.

Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.

Іріңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен, кір сабынның көмегін пайдаланған да пайдалы. Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша баяу отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне дәкемен орап қойсаңыз жетіп жатыр. Үш күн қайталасаңыз жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.

Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті.

Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.
403 views13:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 16:42:48 Таңертең 1 стакан жылы су ішудің пайдасы:

Жылы су теріні тазалайды.

Асқазаныңыздың жұмысы жақсарады.

Бүкіл ағзаны ұйқыдан оятады.

Ұйқыңыздың ашылуына көмектеседі

Бауырдың жұмысын жақсартады.

Бір кесе жылы су бұлшықеттерді босаңсытады.
531 views13:42
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 17:49:21 Құлпынайдың пайдасы

Құлпынай жемісін көбіне махаббат,сұлулық және жастық жемісі деп атайды.Оның не үшін олай аталатынын көбі біле бермейді.Бүгін сіздерге құлпынайдың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін айтатын боламыз.

Құлпынай жүрек,қан-тамырлары ауруларының алдын алады.
Бүгінгі таңда әлем бойынша жүрек,қан-тамырлары ауруларынан қайтыс болып жатқан жандар көбейіп келеді.Егерде ас мәзіріңізге бұл жемісті қоссаңыз,аталмыш аурудың алдын алуға болады.Өйткені оның құрамында холестерин деңгейін төмендететін эллаговалық қышқыл бар.Сонымен қатар құлпынайдағы С дәрумені қан тамырларын қалыпты деңгейде ұстайды.

Құлпынай жемісі беттегі пигменттік дақтарды кетіреді.
Егер теріңізді ағартып,секпілдер мен пигменттік дақтардан құтылғыңыз келсе,бетіңізге құлпынайдан маска жасаңыз.Алайда,бірінші білегіңізге немесе басқа жеріңізге жасап көріңіз.Егерде бәрі жақсы болса,бетіңізге жаға бересіз.Мұндай масканы аптасына 1-2 рет жасап тұрыңыз.

Құлпынайдан жасалған маска безеу мен қабынуға қарсы көмектеседі.
Егер теріңізге әртүрлі бөртпелер шығып мазаласа,онда құлпынайдың түйінінен маска дайындаңыз.Себебі оның құрамында тері ауруларымен күресетін антиоксиданттар бар.

Бұл жеміс кәріліктен де сақтайды.
Құлпынайдағы антиоксиданттар бос радикалдарға қарама-қарсы әсер етеді.Сондықтан кәріліктің ауылы алыстайды.Ол үшін түскі тамағыңызды ішіп болғаннан соң 40 минуттан кейін құлпынай жеуіңіз керек.

Құлпынай тісіңізді ағартады
Құлпынайдың құрамындағы С дәрумені тісті сарғаюдан құтқарады. Оны тұтыну арқылы сіз белгілі бір уақыттан кейін тісіңіздің ағарғанына көзіңіз жетеді.

Көздің көруін жақсартады
Жыл өте келе көзіңіздің көруі де нашарлай түсетіні анық. Ол кезде құлпынайдағы С дәрумені, органикалық қышқылдар, флавоноидтер түрлі көз ауруларына қарсы көмектеседі.
980 views14:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 16:49:45 Балаға айту керек сөздер

Ата-ана балаларымен күнде әңгіме айтып жатады. Сол әңгіменің арасында маңыздысы немесе маңызы жоғы, оның өміріне әсер ететіні немесе онша әсер етпейтіні де бар. Алайда, балаңызға күнде кей сөздерді айтуды әдетке айналдырсаңыз, сонда балаңыз байсалды, сенімді, бақытты, ештеңеден қорықпайтын болып өседі.

1. «Мен сені жақсы көремін”.
Әрине, бұл баршамызға белгілі. Бірақ, арамызда соны біле тұра, ішінде ұстап айтпайтын немесе өте сирек айтатын адамдар көп. Бұл сөздің құдыреті күшті. Балаға келсек, бұл сөзді күніне тек бір рет емес, қайта-қайта айта беріңіз. Мысалы, баланы ұйқыдан «мен сені жақсы көремін» деп оятыңыз. Баланы бала-бақшаға немесе мектепке шығарып салғанда, күтіп алғанда «мен сені жақсы көремін» деп айтыңыз.Осылай бірнеше рет айту арқылы,оны шын жақсы көретініңізге сенетін болады.

2. «Сенің бар болғаныңа қуаныштымыз»
Көп жағдайда ата-ана бала оны айтпай-ақ біледі деп ойлайды. Алайда дыбыстап айтсаңыз, ол баланың жанына жағып, таңғалады. «Сенің барыңа қуаныштымыз» немесе «дәл сендей баланы армандағанбыз» деген секілді сөздерді балаға күнде айтып отыру керек.

3. «Әлемдегі ең керемет баласың»
Қазіргі отбасыларда бала саны аз болғандықтан, ал кейбіреулерінде тіптен біреу ғана болған соң, оны еркелетіп аламыз деп көп ата-ана өз сезімдерін балаға ашық айта бермейді. Алайда, қорықпаңыз, балаға «сен әлемдегі ең сұлу баласың», «сен әлемдегі ең керемет баласың»деген сөздерді айтып тұру керек. Егер үйде бірнеше бала болса, оларға әр уақытта жекелей немесе жалпылама түрде айтуға тырысыңыз. Мұндай сөздерді естіп өскен бала, сабырлы, сенімді әрі бақытты болады.

4.«Не болғанын айтуға қорықпа”.
Шынымен де, балада бірдеңе болса, ол сізге айтуға қорықпау үшін осы сөздің маңызы болады. Бұл сөзді күнде айту арқылы ол оның миына құйылып, бірдеңе болған кезде ойына әкесіне немесе анасына айта алатындығы келеді. Баладан алған ақпаратты өзіне қарсы қолданбауға тырысыңыз. Мысалы, «айттым ғой, саған» немесе «мен саған ескерттім ғой» десеңіз, ол сізге екінші рет келмейді. Оның сізге келгеніне рақмет айтып, не істеуге болатындығын асықпай бірге ойланыңыз.
Ал,сіз балаңызға осы сөздерді жиі айтасызба?Бала тәрбиесінде қандай сөздерді қолданасыз?
796 views13:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 15:50:49 АСПЕРИН - ШАШТАРЫҢЫЗДЫ ЖЫЛТЫРАТАДЫ

Аспирин ауырғанда, тазалықта, косметикада қолдануға болады. Бүгін сіздерге аспириннен шашқа арналған маска түрін айтамын

Жылы суға аспериннің 3таблеткасын ерітіңіздер.
Бірінші шаштарыңызды жуып алыңыздар.
Сосын дайын ерітіндімен шаштарыңызды жуыңыздар.
15мин бастарыңызға пакет киіп алыңыздар.
Шаштарыңызды таза сумен шайыңыздар.
Шаштарыңыз кепкен соң нәтижесін көресіздер.
Шаштарыңыз жылтырайтын болады.

Жасап көріңіздер....
1.1K views12:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 18:03:27 БАЛАҢЫЗ АЙ САЙЫН АУЫРАДЫ МА? АНТИБИОТИКСІЗ ЖАЗЫЛМАЙДЫ МА?
БАЛАНЫҢ ТАМАҚҚА ТӘБЕТІ ЖОҚ ПА? ЕТ ЖЕМЕЙ МЕ?
АУЗЫНА СТОМАТИТ ЖИІ ШЫҒА МА?

Осы сұрақты Аналарға қойғаным да, “Ия” деген жауапты жиі аламын!

Баланың ай сайын ауыруының себептері бола алады:

Темір жетіспеушілік анемиясы (қан анализінде гемоглобин төмен, эритроцит жоғары, ферритин, темір төмен)

Д витамин жетіспеушілігі (өте жиі кездеседі)

В12 дәрумені жетіспеушілігі

А витамин жетіспеушілігі. А витамин жоғарғы тыныс алу жолдарының жергілікті иммуниете көзі деп айтсақ болады! Шырышты қабаттарда секрециясын арттырып, жазылуын тездетеді!

Балада вирусты жүктеме болса.

Бала ағзасында ақуыз жеткіліксіз болса!

Баланың жиі ауыруына ең жиі себеп-темір жетіспеушілік анемиясы болады!

Тж анемиясы бар балада- темір қоры (ферритин) гемоглобин төмен болғандығынан азға оттегімен толық қаныға алмайды. Әр мүше оттегімен толық тыныстай алмайды. Ал, ағзада көптеген ферменттік реакциялар, зат-алмасу процестері оттегі жетіп тұрса ғана дұрыс жұмыс жасайды!

Соның себебінен:

Иммунды жүйе жұмысы нашарлайды, бала жиі ауырады

Бала үнемі шаршаңқы болады, жиі ұйықтайды

Тамаққа тәбеті болмайды, қиын қорытылатын ақуызды тамақтарды жей алмайды, ағза қабылдай алмайды. Мысалы, ет, жұмыртқа

Баланың шашы, тырнағы өңсіз, әдемі болмайды

Бойы қалыпты өспейді

Баланың сабаққа үлгерімі нашар болады, зейін қоя алмайды

Бір іске ықыласы болмайды, үнемі шаршап жүреді

Жиі стоматит, ауыздық (заеда) жиі шығатын болады

Тж анемиясын ұзақ емдемеу-Гипотериозға әкеледі

Сол үшін Тж анемиясын уақытылы, дұрыс емдеңіз!
Жалғыз темір препаратымен ғана емдеу әсер бермеуі мүмкін!

Тж анемияны дұрыс емдеу үшін:

Тағамнан бастау
Асқазан-ішек жолдарын реттеу
Балаға дұрыс темір препаратын таңдау
Темір сіңуіне көмектесетін кофакторларды қосу.
322 views15:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 17:57:29 БЕТТІ НӘРЛЕНДІРЕТІН МАСКА

Керек заттар:

Глицерин - 1ас қасық
Витамин Е - 1ас қасық

Екі затты араластырасыздар. Кешке жатар алдында масканы жағып, 1сағатқа қоясыздар. Уақыт өткеннен кейін беттеріңізді ватный дискпен сүртіп аласыздар.

Беттеріңізді жумаңыздар

Бұл масканы аптасына 3-4рет немесе күн сайын жасауға да болады

Бұл маска пайдасы:

ұсақ әжімдерді кетіреді;
бетті нәрлендіреді, жұмсартады;
беттеріңізді тегістейді.
383 views14:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 16:48:15 Балаңыздың көзін қорғаймын десеңіз
•••
Қазір 21 ғасыр технология заманы. Бала жастайынан телефонға таласып, компьютер алдынан шықпайтын болды.
Түбегейлі тыйым салайын десең балаңның көңіліне қарап, ақыры аяғында көз жұма қарайсың. Осындай жағдайда жасауға болатын ережені біліп жүріңіз.


Баланы мектепке ерте бермеу
Кейбір адамдар балаларын мектепке ерте беріп жатады. Олардың негізгі мақсаты"Ерте барса ерте бітіреді,өзіне жақсы ертең"-дейді. Бірақ бұл дұрыс шешім емес. Неге десеңіз көз бұлшық еттері жақсы жетілмеген баланың көзіне ауыртпашылық түседі.
Компьютер немесе телефон берген жағдайда график құрғаныңыз абзал. Мәселен күнінде 1-2 сағат . Түскі уақытта 1 сағат , түстен кейін 1 сағат. График бойынша кешкі уақыттарда гаджеттерге мүлде жолатпаған дұрыс. Бұл жас баланың көзіне үлкен зиян келтіреді.
°
САУ( салауатты өмір салты) -ұстауға баланы бейімдеу. Далаға , көшеге баланы ойнауға, серуендеуге жіберу керек. Үйде қамалып отырған бала телефон мен компьютерге жүгірмегенде басқа не істейді?
Егер балаңыз далаға жіберуге алаңдасаңыз, өзіңізде бірге шығыңыз. Таза ауада серуендеу сізге де , балаңызға да пайдалы. Күннен "Д" витаминін бойына сіңіріп, сүйектері бекіп, қозғалысы көбейеді

Дәрігерге көріну
Жылына кем дегенде 1 рет көз дәрігеріне қаралу қажет. Көз дәрігеріне қаралу дегенді кейбір адамдар жаңылыс түсініп жатады ."Ә, олар көзіңе бір фонарик түсіреді де, очки тақпайсың ба?"- дейді де қоя береді. Бұл халық арасында таралып кеткен өсек әңгіме. Көз ауырулары өте көп, және ауру тез анықталса емдеу барынша оңайға түседі. Сол себепті балаңыздың көзін де , өзіңіздікін де тексерткеніңіз жөн.
°
Бірінші байлық-денсаулық!
"Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде "
°
Балаңыз жылап телефон сұраса қолына ұстатасыз ба?
Комментарияға жазыңыз
359 views13:48
Ашу / Түсініктеме