Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰМЫРСҚАМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ Мен 2-3күндей болды құмырсқамен кү | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ҚҰМЫРСҚАМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

Мен 2-3күндей болды құмырсқамен күресіп жүргеніме. Бір жерін жойсам, екінші жерінен шығады ғой өздері

Үй жағдайында құмырсқамен күресу үшін осы әдістерді қолданып көріңіздер:

Сірке суы

Сірке суын сумен араластырып, бүріккіш құралға құйып, құрмырсқа жүрген жолына себіңіз. Осы әдісті 2-3күн жасаңыз.

Нашатыр спирті

Нашатыр спиртін суға араластырып, құмырсқа жүрген жолына себіңіз. Нашатыр иісінен қашатын болады.

Қайнаған су

Құмырсқа шығып жатқан жерге қайнаған су құйыңыз. 5-10мин кейін тазалап аласыз.

Бор

Құмырсқаны жоюға арналған бор бар. Борды құмырсқа шығып жатқан жерге сызып тастайсыз. Жақсы көмектеседі. Алғанда жарамдылық мерзіміне қарап алыңыз. Өтіп кетсе, әсер етпейді.

Дихлофос

Дихлофосты құмырсқа шығып жатқан жерге шашасыз. Құмырсқа 2-3мин жоқ болады.

Дуст

Дустта жақсы көмектеседі. Бірақ, бала бар үйге болмайды .

Мен сияқты құмырсқамен күресіп жатқандар бар ма екен???