Get Mystery Box with random crypto!

Тырнаққа арналған маска Бұл маскалардың барлығын үйде жасауға | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Тырнаққа арналған маска

Бұл маскалардың барлығын үйде жасауға болады. Нәтижесі салонда жасалатын процедуралардан кем емес. Сенбесеңіз, жасап көріңіз Зәйтүн майы Зәйтүн майынан 3-4 ас қасық, 2-3 тамшы лимон шырыны және 2 тамшы йодты араластырыңыз. Осы қоспаға тырнағыңызды салып 5-10 минут ұстаңыз. Сабынсыз сумен шаю жеткілікті. Лимон Тырнағыңыз сына берсе, осы масканы жасаңыз. Лимонан қалыңдау етіп екі тілік кесіңіз. Осы тіліктерге тырнағыңызды тығыңыз. 5 минут ұстау жеткілікті. Лимоннан соң, тырнағыңыздың айналасына қарақат, мүкжидек шырынын жағуға болады. Айтпақшы, лимонның қалға қалдыңын тізеңізге, білектің қатты тұстарына жақсаңыз, қатып қалған тері жұмсарып, ағарып қалады. Өсімдік майы Кәдімгі өсімдік майына лимонның эфир майын немесе лимон шырынын қосыңыз. 3 ас қасық өсімдік майы, 2 тамшы эфир майы немесе 3-4 тамшы лимон сығындысы. Бұл масканы 10 күн қатарынан жасаңыз. Е витамині Дәріханадан Е витаминін алыңыз. Әдетте ол капсулада сатылады. Күнделікті кешке тырнағыңызға жақсаңыз, тырнағыңыз қатайып, сынбайтын болады. Процедураны бір ай бойы жасаған жөн. Балауыз Табиғи балауыз тырнағыңызға өте пайдалы. Маска түнде жатар алдында жасалады. Алдын ала бір ыдысқа суық су құйып, бір ыдысқа балауызды буға ерітіп дайындаңыз. Еріген балауызға саусақтарыңыздың ұшын мала қойыңыз. Содан дереу суық суға сала қойыңыз. Саусақтарыңыздың ұшындағы балауыз қатып қалады. Енді сыртынан қолғап киіп, ұйықтай беріңіз. Процедураны аптасына екі рет жасау жеткілікті. Ал барлығы 6 процедура болуы тиіс.