Get Mystery Box with random crypto!

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КІРПІК ӨСІРУ Кірпік өсіру үшін, оған үй жағдай | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КІРПІК ӨСІРУ

Кірпік өсіру үшін, оған үй жағдайында маска(майлардан) жасауларыңыз керек.

Кірпік өсіруге арналған майлар

Майсана майы(касторовое масло) - кірпіктің өсуіне және кірпіктің өсуін тежейтін бактерияларды жоюға көмектеседі.

Майсана майын мақта таяқшалары көмегімен кірпік түбіне жағыңыздар. 30мин ұстап, жылы сумен жуып тастаңыздар. Бұл әдісті ұйқыға жатар алдында жасаған дұрыс.

Бұл әдісті күнде, 2-3ай жасау керек

Зәйтүн майы(оливковое масло) - кірпікті нәрлендіреді.

Ұйқыға жатар алдында кірпікке арналған щетка көмегімен жағыңыздар. Таңертең жылы сумен жуып тастайсыздар.

Көк шәй

Көк шәй шығарып, суытыңыздар. Мақта таяқшасы көмегімен кірпік түбіне жағып, 15мин кейін суық сумен жуып тастаңыз.

Күніне 2рет, 1-2ай жасау керек