Get Mystery Box with random crypto!

БАЛАҢЫЗ АЙ САЙЫН АУЫРАДЫ МА? АНТИБИОТИКСІЗ ЖАЗЫЛМАЙДЫ МА? БАЛА | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

БАЛАҢЫЗ АЙ САЙЫН АУЫРАДЫ МА? АНТИБИОТИКСІЗ ЖАЗЫЛМАЙДЫ МА?
БАЛАНЫҢ ТАМАҚҚА ТӘБЕТІ ЖОҚ ПА? ЕТ ЖЕМЕЙ МЕ?
АУЗЫНА СТОМАТИТ ЖИІ ШЫҒА МА?

Осы сұрақты Аналарға қойғаным да, “Ия” деген жауапты жиі аламын!

Баланың ай сайын ауыруының себептері бола алады:

Темір жетіспеушілік анемиясы (қан анализінде гемоглобин төмен, эритроцит жоғары, ферритин, темір төмен)

Д витамин жетіспеушілігі (өте жиі кездеседі)

В12 дәрумені жетіспеушілігі

А витамин жетіспеушілігі. А витамин жоғарғы тыныс алу жолдарының жергілікті иммуниете көзі деп айтсақ болады! Шырышты қабаттарда секрециясын арттырып, жазылуын тездетеді!

Балада вирусты жүктеме болса.

Бала ағзасында ақуыз жеткіліксіз болса!

Баланың жиі ауыруына ең жиі себеп-темір жетіспеушілік анемиясы болады!

Тж анемиясы бар балада- темір қоры (ферритин) гемоглобин төмен болғандығынан азға оттегімен толық қаныға алмайды. Әр мүше оттегімен толық тыныстай алмайды. Ал, ағзада көптеген ферменттік реакциялар, зат-алмасу процестері оттегі жетіп тұрса ғана дұрыс жұмыс жасайды!

Соның себебінен:

Иммунды жүйе жұмысы нашарлайды, бала жиі ауырады

Бала үнемі шаршаңқы болады, жиі ұйықтайды

Тамаққа тәбеті болмайды, қиын қорытылатын ақуызды тамақтарды жей алмайды, ағза қабылдай алмайды. Мысалы, ет, жұмыртқа

Баланың шашы, тырнағы өңсіз, әдемі болмайды

Бойы қалыпты өспейді

Баланың сабаққа үлгерімі нашар болады, зейін қоя алмайды

Бір іске ықыласы болмайды, үнемі шаршап жүреді

Жиі стоматит, ауыздық (заеда) жиі шығатын болады

Тж анемиясын ұзақ емдемеу-Гипотериозға әкеледі

Сол үшін Тж анемиясын уақытылы, дұрыс емдеңіз!
Жалғыз темір препаратымен ғана емдеу әсер бермеуі мүмкін!

Тж анемияны дұрыс емдеу үшін:

Тағамнан бастау
Асқазан-ішек жолдарын реттеу
Балаға дұрыс темір препаратын таңдау
Темір сіңуіне көмектесетін кофакторларды қосу.