Get Mystery Box with random crypto!

ҚАМЫРДЫ ҚАЛАЙ ҚАТЫРАМЫЗ ЖӘНЕ ЖІБІТЕМІЗ Қамырды мұздатқышқа қа | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ҚАМЫРДЫ ҚАЛАЙ ҚАТЫРАМЫЗ ЖӘНЕ ЖІБІТЕМІЗ

Қамырды мұздатқышқа қатыруға болатының білесіздер ме?

Онда қазір қалай қатыруға болатының айтайын.

ҚАЛАЙ ҚАТЫРАМЫЗ?

Қамырды илеп болған соң, өздеріңізге қажет бөліктерге бөліп, домалақтаңыздар. Қамыр біраз уақыт тынсын.
Мұздатқышқа салардан бұрын қамырдың әрқайсысын ас плёнкасымен ораңыздар. Фальгамен орасаңыздар да болады.
Ашытқы қосылған қамырды -20....-30С° температура режимінде қатыру керек.
Қатырылған қамырдың максималды сақтау температурасы - 4ай.
Қамырды қайтадан екінші рет қатыруға болмайды. Себебі, қасиеті жойылады.

Осындай оңай жолмен қатырасыздар. Еш қиындығы жоқ .

ҚАЛАЙ ЖІБІТЕМІЗ?

Қамырды мұздатқыштан алып, ыдысқа салып, бөлме температурасында 4-5 сағатта жібітесіздер. Арасында қамырды аударып отырасыздар. Қамыр біркелкі жібитін болады.
Енді бір тәсіл пешке салып жібіту. Пешті 90С°қыздырасыздар. Ыдысқа пергамент қағазын екі бүктеп салыңыздар. Үстіне ұн сеуіп, қамырды үстіне қойып, пешке саламыз. 3 минуттан артық уақытқа қоймаңыздар. Процесті бақылап тұрыңыздар, қызарып кетпесін.
Ыстық суда жібітуге болады.
Микротолқынды пеште жібітуге болады. Пештегі жібіту функциясын таңдап 5 мин қыздырып аласыздар. Қамырды жартысына келгенде айналдырып, қыздыруды жалғастырасыздар.

Мұздатқышқа қамыр сақтайсыздар ма?