Get Mystery Box with random crypto!

ҚОЛТЫҚТАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІ КЕТІРУ ЖОЛДАРЫ Пайдалы постты сақта | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ҚОЛТЫҚТАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІ КЕТІРУ ЖОЛДАРЫ

Пайдалы постты сақтап , аямай басып өтіңіздерші

Қолтық терлеу, жағымсыз иіс, бұл қазіргі қыз-келіншектердің негізгі проблемасы болып табылады.

Осы проблемадан құтылу үшін мен сіздерге бірнеше кеңестер ұсынбақшымын

1-әдіс. Марганцовкадан

3-4 түйір марганцовканы 1 стақан қайнатылған жылы сумен араластырыңыздар.
Осы сумен күніне 3-4 рет қолтығыңызды жуасыздар.
Бұл ерітінді қолтықтың терлеуін тоқтатады, жағымсыз иісті жояды және түктерді кетіреді.
Емді үзбей 2 апта жүргізесіздер.

2-әдіс. Ас содасы

100 мл жылы суға 1 шай қасық ас содасын араластырасыздар.
Осы ерітіндіні қолтығыңыздың айналасына жағасыздар.
Емді тәулігіне 5 рет қайталаңыздар.
Ас содасы қолтықтың терлегенін тоқтатады әрі түктің өсуін тежейді.

3-әдіс. Лимон

Лимон жағымсыз иіс тудыратын бактерияларды өлтіреді.
Одан құтылу үшін 1-2 тамшы лимон шырынын қолтығыңызға жағасыздар.
Бірнеше минуттан соң дымқыл сүлгімен сүртесіздер.
Ал лимон шырыны мен суды араластырып, дезодорант ретінде сеуіп жүрсеңіз де оң нәтижеге қол жеткізесіз.

Қолтықтарыңыз терлейді ме?? Сіздер қандай әдістер қолданасыздар?