Get Mystery Box with random crypto!

АЯҒЫҢЫЗДЫҢ ҚАҚСАҒАНЫ ҚОЯДЫ Студент кезімде аяқ қақсау менің | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

АЯҒЫҢЫЗДЫҢ ҚАҚСАҒАНЫ ҚОЯДЫ

Студент кезімде аяқ қақсау менің негізгі проблемам болатын. Кешке жатар кезде бастайтын. Ұйықтай алмай, жылаған кезімде болған . Бұндай проблема көп қыздарда бар деп ойлаймын. Сондықтан сіздерге қазір үй жағдайында жасалатын процедураны ұсынамын

Керек заттар:

Су - 2л(аяқ шыдайтындай ыстық су)
Ас содасы - 1ас қасық
Кір сабын - 2ас қасық
Теңіз тұзы - 1ас қасық
Йод - 10тамшы

Керек заттарды суға салып, жақсылап араластырыңыз. Аяғыңызды салып, 15мин отырыңыз. Уақыт өткен соң, аяғыңызды құрғатып, крем жағып, нәски киіп жатыңыз.

Бұл процедураны 10күн, күніне 1рет, жатар алдында жасаңыз

Пайдасы: аяқ қақсағаны, шаршағаны, ауырсынуы кетеді.

Сізде аяқ қақсау проблемасы болды ма???