Get Mystery Box with random crypto!

БАЛДЫҢ САПАСЫН ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ Қазіргі кезде балдың түрі өте | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

БАЛДЫҢ САПАСЫН ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ

Қазіргі кезде балдың түрі өте көп. Бірақ біз оның қайсысы табиғи, қайсысы жасанды екенін білмейміз. Сондықтан, сіздерге балдың сапасын анықтау әдістерін ұсынбақшымын.⠀

Таза балды мына белгілер арқылы білуге болады:

Таза бал ешқашан сұйық болмау керек.
Балды саусаққа жағып көріңіздер. Біраз уақыт өткен соң саусағыңыз бір-біріне жабыса бастаса, демек балға қант қосылғаны.
Табиғи балдың өзіне тән хош иісі болады, ал жасанды балда иіс болмайды.⠀

Табиғи балдың сапасын үй жағдайында қалай анықтаймыз

1стақан жылы суға 1 шәй қасық бал салып ерітесіздер және 1 сағатқа қалдырасыздар. Сапасы төмен бал стақан түбінде тұнба болып қалады.
Қағаз бетіне аз мөлшерде бал тамызыңыздар және күтіңіздер. Сапалы бал өзгермейді, ал жасанды бал қоңыр түске айналады.
Балды қасыққа салып, отқа қыздырыңыздар. Жасанды бал жанады.
1стақан жылы суға 1ас қасық бал салып, ерігенше араластырыңыздар және бірнеше тамшы йод тамызыңыздар. Егер су көк түске айналса, балға крахмал қосылған.

Бал жақсы көресіздер ме? Қаншалықты сатып аласыздар??⠀