Get Mystery Box with random crypto!

Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы д | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді.
Құрттың құрамында тұз болады. Ал, оның ауыз қуысы үшін пайдасы ұшан теңіз. Күнделікті 2-3 құрт жеп жүрген адамның ауыз қуысында ешқандай ауру болмайды. Тістері қатайып, ас қорытуы жақсарады. Ағзасында кальций көбейеді.

Егер, баспамен ауырып қалған жағдайда, күнінен 5-6 құрт жеңіз. Құртты жеу барысында сілекей көп бөлінеді. Сілекейдің құрамындағы лизоцим деген зат болады, ол ауыз қуысын бактериялардан тазалайды.
Ал, құрттың құрамындағы тұз баспаны жеңілдетуге өз әсерін тигізеді. Әрі құрттың арқасында ас қорыту жақсарады.

Құртты көп мөлшерде жесеңіз қайта-қайта шөлдей бересіз, ондай жағдайда кептірілген алмадан жасалған компот (қант қосылмаған) ішкен жөн. Осы компотты күнделікті ішіп жүру бүйректегі тас пен құмды түсіріп, несеп жолдарының жағдайын жақсартады.
жеткізіңіз.

Күнделікті 5-6 құрт жеп жүру арқылы, Сіз баспамен ауырмайсыз, ас қорыту жолдарыңызда қиындық туындамайды. Тістеріңіз ағарып, бүйрегіңіз сыр бермейтін болады. Ағзаңызда кальций көбейіп сүйектеріңіз сынғыш болмайды.