Get Mystery Box with random crypto!

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ТЫРНАҚҚА МАСКА ЖАСАЙЫҚ Тырнақтарыңыз сынғыш, | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ТЫРНАҚҚА МАСКА ЖАСАЙЫҚ

Тырнақтарыңыз сынғыш, қабаттары алынатын болса осы маскаларды үй жағдайында жасасаңыздар болады

АС ТҰЗЫ

200 мл жылы су + 1 ас қасық ас тұзы + 1 ас қасық сода + кез-келген сұйық сабын + бірнеше тамшы = жақсылап араластырыңыздар. Осы ерітіндіге 10-20 минуттай батырып отырыңыз. Маскадан кейін қолды сүртіп, қоректендіретін крем жағыңыз.

Бұл масканы күн сайын жасауға болады

ЙОД МАСКАСЫ

Мақта көмегімен жатар алдында тырнаққа йод жағыңыз. Басында тырнағыңыз сарғаяды, ұйқыдан тұрғанда йод сіңіп, тырнағыңыз өз түсіне қайта келеді. Бұл маска тырнақты берік етіп, тез өсіреді.

Бұл масканы күн сайын жасауға болады

Бұл масканы аяқ тырнақтарына да қолдануға болады

Сіздер қандай маска жасайсыздар? Бөлісе отырыңыздар..