САРҒАЙҒАН ПЕРДЕЛЕРДІ ЖУАЙЫҚ Сарғайған ПЕРДЕЛЕРДІ жуу үшін | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
САРҒАЙҒАН ПЕРДЕЛЕРДІ ЖУАЙЫҚ
Сарғайған ПЕРДЕЛЕРДІ жуу үшін мына процестерді орындау керек. Сонда нәтиже болады.
1-процесс
Легенге 5л жылы су құйып, 500гр тұз салып, ерітесіздер. Сарғайған перделеріңізді салып, 1-2 сағатқа қалдырасыздар. Уақыт өткеннен кейін ПЕРДЕНІ салқын суға шайып аласыздар.
2-процесс
Легенге жылы су құйып, порошок қосып, ПЕРДЕНІ саласыздар. 10мин қойып, жуып, салқын суға шайып аласыздар.
3-процесс
Легенге тағы жылы су құясыздар(5л). ПЕРДЕНІ салып, үстінен 5ас қасық 9% сірке суын қосасыздар. Сірке суы ПЕРДЕНІ жалтыратады.
Нәтижесі болады.
ПЕРДЕНІ жуғанда қатты ыстық су пайдаланбаңыздар