Get Mystery Box with random crypto!

АСПИРИННІҢ СІЗ БІЛМЕЙТІН ПАЙДАСЫ Асперинді біз бас ауырған | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

АСПИРИННІҢ СІЗ БІЛМЕЙТІН ПАЙДАСЫ

Асперинді біз бас ауырғанда ішіп жатамыз. Қазір сіздерге аспериннің басқа да пайдасымен бөліспекпін

Кеттік онда:

Безеу

Қабынуға қарсы қасиетінің арқасында аспирин теріні тыныштандырып, безеуді кішірейтеді. Ол үшін аспириннің 2-3 таблеткасын ұнтақтап, лимон шырынымен араластырамыз. Қосындыны безеуге жағып, бір минут шамасында ұстаңыз. Артынша жуып тастаңыз.

Бұл масканы күнге шығар алдында қолдануға болмайды

Жәндіктер шаққанда пайда болатын қышу мен ісінуді басады

Аспирин таблеткасын сумен араластырып, шаққан жерге жағып, бірнеше минутқа қалдырыңыз.

Қайызғақты кетіруге көмектеседі

Аспириннің 2 таблеткасын ұсақтап, өзіңізге жеткілікті мөлшердегі сусабынмен араластырыңыз.

Киімдегі терден қалған дақты кетіреді

Аспириннің бір таблеткасын жылы сумен араластырып, дақтарға жағып, бір түнге қалдырыңыз. Киіміңізді жуып аласыз.

Кесілген гүлдердің өмірін ұзартады

Гүл салынға ыдыстағы суға аспириннің 1 таблеткасын қосыңыз. Сонда, гүлдеріңіз ұзақ жайқалып тұрады. Ол дәрінің судағы pH-ты өзгертіп, бактериялардың көбеюін баяулатуымен байланысты. Бұл әдіс, әсіресе, раушан гүлі үшін тиімді.

Сіздер аспириннің қандай пайдасын білесіздер??